Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат


Кредиттің атпаға бөліну кестесі (3 кредит бойынша)



бет3/161
Дата06.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#36748
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161
Кредиттің атпаға бөліну кестесі (3 кредит бойынша):



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2
(2 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3
(1 семинар)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 3


Өту орны: №3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

1

2

3

30

15

45

45

135

емтихан



2.3 Кіріспе


Пән бойынша мағлұмат: Қазақстанның ежелгі дүние тарихы Қазақстан тарихы пәнінің бір бөлігі – Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан тарихы. Ал, өз Отанының тарихын білу мемлекетіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы.
Отанымыздың өткен тарихын танып – білу – отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің, басқа халықтардың рухани және материалдық мұрасына сыйластықпен қараудың, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызды факторы. Еліміздің тарихы – қазіргі жалпы дүниежүзілік тарихтың, соның ішінде Евразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады, оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты және республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің бірі болып оқытылады. Әрбір қазақстандық азамат үшін өз Отанының тарихын білу - өз халқының өткен және келешек ұрпақтары алдындағы қасиетті борышы. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде Қазақстанның ежелгі дүние тарихы пәніне ерекше мән беруде.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихты білу, адамзат баласы жинақтаған бай тәжірибені игеру – жаңа ұрпақтар мен білім беруде тәрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тарихи бастауларға біз қаншама терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Мұның өзі өткеннен тағлым алғызады, тарихи шындықты бұрмалаудан сақтандырады. Ол аса жауапты іс – мемлекеттік және қоғамдық салалардың барлығына білікті, жоғары мәдениетті кадрлар даярлауда айрықша роль атқарады.
Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс, оның саяси – экономикалық және мәдени - әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу, жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткенін білуі күңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп, өз елінің тілі мен дінінен, дәтүр – салтынан қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде Қазақстан тарихының бір бөлігі Қазақстанның ежелгі дүние тарихына ерекше көңіл бөлінді. Тарихтың көптеген мәселелері қайта қарастырылып, жаңа бағаға ие болды. Ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толықтыру ой - өрісімізді кеңейтуге, тарихты бүгінгі биіктер тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде. Сөйтіп мұның өзі өшкенімізді тірілтіп, өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау жүйесі мен көзқарастар тұрғысынан түсінуге ықыласын арттырды.
Курс мақсаты: Студенттерді Қазақстанның ежелгі дүние кезеңіндегі ерте заманнан бастап жүріп өткен жолының тарихи кезеңдері мен бағыттарын бөліп үйрету, нақтылы оқиғалармен таныстыру, Қазақ халқының тарихын, Қазақстанды мекендеген басқа да халықтардың, көрші елдер мен халықтардың тарихымен байланыстыра қарастыру.
Қазақстанның еделгі дүние тарихы материалдары студенттерді жоғары саналыққа, ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде зор роль атқарады. Қазақстан тарихының ежелгі дүние тарихы пәні Археология, Қазақстан тарихының түпдеректері, Қазақстан Республикасының тарихнамасы, Отантану, Дүниежүзілік тарих, Жалпы тарих және тағы басқа пәндермен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет