ОЖСӨЖ №39
ОЖСӨЖ мазмұны: Көшпелілер мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны (эссе жазу).
ОЖСӨЖ мақсаты: Эссе әдісін қолдану арқылы студенттерді «Көшпелілер мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны» атты тақырыпта ой толғауға жетелеу, өзіндік көзқарас, тұжырым жасауына жағдай туғызу.
Әдістемелік нұсқау: Эссе
Эссе
Өткен тақырыптар бойынша өз ойларын еркін білдіретін хат әдісі. Ол студенттерге өткен тақырыптарға байланысты пайда болған ойларды талдау үшін және оқытушылардың топтың интеллектуалды дамуын қадағалау үшін тиімді.
Эссе бағалаудағы рубрикалар:
«5» алу үшін Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті:
1. Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;
2. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз;
3. Сол тезиске қарсы берілген дәлелді есепке алыңыз;
4. Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру керек;
5. Мұқият қатесіз жазылуы керек;
6.Көлемі 2-3 бет болуы керек
«4» алу үшін, Эссе мынадай болуы керек:
1. Бір айтқанды қайталап жаза бермей, мәнділігімен көзге түсуі керек;
2. Дәлелді тезисті қолданыңыз;
3. Әңгіменің кіріспесі, мәтінінен және қорытындылаудан тұру керек;
4. Мұқият қатесіз жазылуы керек;
5. Көлемі 2-3 бет болуы керек.
«3» алу үшін:
1. Тезисі анық (түсінікті) емес;
2. Тезисті қолдайтын себептері жоқ;
3. Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді (кіріспе, мәтін, қорытындылау);
4. Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық қателері көп;
5. Көлемі 2-3 беттен аз.
Достарыңызбен бөлісу: |