ОЖСӨЖ №25, 26
ОЖСӨЖ мазмұны:Анкета түрлері.
ОЖСӨЖ мақсаты: Студенттерді анкеталардың түрлерін анықтап, айырту арқылы өлкелік материалдарды жинақтаудың жолдарын үйренуіне себеп болу.
Әдістемелік нұсқау:
1-тапсырма. Өз бетімен жергілікті халық жауап беретін анкеталар түрлерін анықтау, оларға мысалдар келтіру.
2-тапсырма. Далалық жұмыстар барысында этнографтар анкетаны өздері жүргізетін түрлерін анықтау, мысалдар келтіру.
Әдебиет: Ж.Т.Ерназаров «Далалық этнографиялық зерттеулердің әдістері » Орал., 2003ж.(19-33беттер).
9. РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ.
XIX ғ.- XX ғ. басындағы туған өлке тұлғалары - Бақтыгерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова, Ғұмар Қараш, Құрманғазы Сағырбайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Мұхамбетсалық Бабажанов, Мақаш Бекмұхамедов, Мұхит Мералыұлы, Сейітқали Мендешов, Сейтек Оразалыұлы т.б. қызметтерін зерделеп, еңбектеріне баға беру.
Ақжайық өңірі ескерткіштерінің зерттелу жағдайы.
Теке (Орал) қаласының тарихы.
Ноғай Ордасы және Батыс Қазақстан.
Сарайшық – Ноғай Ордасының астанасы.
Кіші жүздің құрылуы, саяси тарихы.
Кіші жүздің этникалық құрамы.
Әбілқайыр хан : әскери қолбасшы, билеуші және тамаша саясатшы (тарихи-саяси портрет беру).
Сырым тағдыры – ел тағдыры.
Жоламан Тіленшіұлы – азаттық күрес көсемі.
Ресей және Бөкей Орда.
Жәңгір ханның саяси келбеті
(тарихи-саяси портрет беру).
XIX ғ. екінші ширегіндегі Бөкей Ордасы қазақтарының дәстүрлі шаруашылық құрылымындағы өзгерістер, оның мәні, қайшылығы, жетістігі.
XIX ғ. екінші ширегіндегі Бөкей Ордасы қазақтарының шаруашылық дамуының кеңеюі, әлеуметтік-шаруашылық жіктелісінің тереңдеуі.
XIX ғ. Бөкей Ордасы қазақтарының шаруашылық дамуының әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
Ішкі Ордадағы сауда-саттық.
Ішкі Ордадағы денсаулық сақтау ісі.
Ішкі Ордадағы халық ағарту ісі.
Исатай – Махамбет.
Орал облысының (1916-1917 ж.ж.) қоғамдық жағдайына шолу.
Орал облысының (1916-1917 ж.ж.) саяси-әлеуметтік, тұрмыс жағдайына шолу.
1917 ж. Ақпан революциясы және облыстағы саяси күрес.
Қазан революциясы және облыста жаңа өкімет үшін арпалыс.
Батыс Алаш Орда тарихы.
Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы.
Саяси қуғын-сүргін.
Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстан.
Батыс Қазақстан еңбекшілерінің материалдық әл-ауқаты және мәдени-рухани даму деңгейі (1946-1991 ж.ж.).
Орал облысы – тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында.
Достарыңызбен бөлісу: |