Тегіс баспалы оқу құралдар бұл санаттағы балалар үшін қолжетімсіз болғандықтан материалдарды берудің басқа түрлерін таңдау керек: Ақпаратқа визуалды емес қолжетімділік бағдарламалары;
Брайль шрифтісімен жазылған оқулықтар мен оқу құралдары
Цифрлік аудиожазба: mp3 және басқа
Көрнекі құралдардың рельефті бейнелері
Қорыта келе, Ұлы педагог Ян Коменский: «Дидактиканың алтын ережесі - көрнекілік» деп орынды айтқан. Қазіргі кезде көрнекіліктің барлық түрін ақпараттық технологиялар беруде. Ақпараттық технология – балалардың қажетті білімді, дағдыны игеруіне таптырмас көмекші құрал. Зердесі бұзылған балаларды түзете отырып оқыту процесінің тиімділігін арттыру үшін ақапараттық технологиялар мүмкіндігін мейлінше мол қолдану – ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан әр педагогтің міндеті.