Сергіту сәті 21 ғасырға 21 тілек



Дата05.06.2017
өлшемі42,54 Kb.
#17625
Сергіту сәті

21 ғасырға 21 тілек

1. Зәулім,биік үйлер, ғимараттар көбейсін.

2. Балалар бақытты болсын.

3. Ғажайып бағы болсын.

4. Көркейе бер Астана.

5. Бүкіл әлем,Астананың сулылығына таң қалсын

6. Қонақтар қалаға көп келсін

7.Тәуелсіздігіміз нығайсын

8. Ауылымыз көркейе берсін

9. Астана өсіп өркендей берсін

10. Астана-мемлекет дидары бол.

11. Қазақстан жасасын.

12. Шекарамыз берік болсын.

13. Қазақ елі гүлденсің

14. Еліміз тыныш болсын.

15. Жастарымыз білімді болсын.

16. Адамдардың тұрмысы жақсы болсын.

17. Жаса, жаса Астанам.

18. Жайнай бер жас қала.

19. Елбасымыз аман болсын.

20. Ата –аналарымыздың, туысқандарымыздың деңсаулығы мықты болсын.

21. Ұстаздарымыз бақытты болсын. Жаса мәңгі Қазақстан.

3 «А» - 4 «А»сынып. Әдебиеттен ашық сабақ.

Тақырыбы: Туған жер 3сынып Тақырыбы: Астанаға ақ бата. 4сынып

Сабақтың мақсаты:



Білімдік: мәтін мазмұны мен идеясын ашуға, мәтіндегі көркемдегіш

құралдарға көңіл бөле отырып,талдауға мүмкіндік беру.



Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын

дамыту;ойын,қиялын,тілін дамыту.



Тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін,жерін қорған білуге,рәміздерін

құрметтеуге үйрету,өз Отаныныңпатриоты етіп тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: интерактивті тақта(слаид), мақал-мәтелдер,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «топтау»сызбасы, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, «топ болып зерттеу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені.

  2. Қызығушылығын ояту: Балаларға қиылған қағаздарды тарату.(мозайка)

  3. Топтың атын шығару. 3-сынып 1-ші топ «Атамекен», 2-ші топ «Туған жер»; 4-сынып 3-ші топ «Бәйтерек».

  4. Үй тапсырмасын тексеру: 3-сынып Тарауды қайталау; 4-сынып «Жеті ата» жаттау.

  5. Жаңа сабақ: Эпиграфты оқу (хормен) «Тәуелсіз ел тірегі- білімді болашақ» Н.Ә.Назарбаев

  6. Сабақтың тақырыптарын оқулықтарын ашып анықтау.3-сынып «Туған жер», 4-сынып «Астанаға ақ бата».

  7. Балалар, бүгін сендер кеуделеріне екі түрлі лента тақтыңдар.Бұл ненің белгісі? Бұл түстерді қай жерден көруге болады?

  • Тудан. Көк түс нені білдіреді? –Ашық аспанды білдіреді.

  • Сары түс нені білдіреді?

  • Күн сәулесін білдіреді.

  • Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан.

  1. Кластер құрастыру: 4-сынып Қазақстан сөзіне, 3 сынып Отан сөзіне.

  2. Оқулықпен жұмыс: мәтіндерді «цепочка» арқылы оқу.

  3. Жаңа сөздермен жұмыс, дәптерге жазып алу Батагөй - бата беретін адам.

  4. Мәтінді топпен талдау. «Ыстық орындық» әр топтан 1 оқушы шығып мазмұнын айтады. Қалғандары толықтырады.

  5. Қазақстанның бұрынғы астаналарын ата.

    Қала

    Мезгілі

    Орынбор

    1920 – 1924жж.

    Қызылорда

    1925 - 1929жж.

    Алматы

    1929 -1997жж.

    Астана

    1997ж.10 желтоқсаннан бастап

  6. Дәптермен жұмыс: Әр астана неше жыл болғанын санау.

  7. Слаид көрсету: Тақырыбы: Астана – бас қала.

  8. Топпен жұмыс: 1-топ «Отан» тақырыбына тақпақ құрастыру.

2 –топ «Менің туған жерім» тақырыбына шығарма жазу

3-топ «Елімнің болашағы» тақырыбына сурет салу

  1. Әр топ өз жұмыстарын қорғап шығады.

  2. Сергіту кезені «21 ғасырға – 21 тілек».

  3. Рефлексия кезені: Әр топқа тест тапсырмаларын беру.Жауаптарын тексеру.

  4. Жылы жүрек – жақсы тілек Отанымызға, өз ауылымызға жылы лебіздерін білдіру, тілек жазу.

  5. Сабақты қорыту:

-Балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтті.Оның себебі барлығын да жақсы көңіл-күймен, бар ынталарыңмен қатыстыңдар.

21. Үйге тапсырма беру: 3-сынып «Туған жер» оқу мазмұндау.

4- сынып «Астанаға ақ бата» мәтінді оқу, сөзжұмбақ құрастыру.



  1. Оқушыларды бағалау.

Молодежный орта мектебі

Әдебиеттік оқудан ашық сабақ

3 сынып тақырыбы: «Туған жер»

4 сынып тақырыбы: «Астанаға ақ бата»

Өткізген:Шарафуллина Г.З.

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет