Алкоголь және есірткіні қолданудың алдын алу Алкоголизм – бұл алкоголге деген патологиялық әуестенуден, психикалық іс-әрекеттің бұзылуынан, соматикалық және неврологиялық бұзылулармен, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен, әлеуметтік байланыстарды жоғалтудан, тұлға деградациясынан көрінетін спирттік ішімдіктерді қолдану нәтижесінде пайда болған сырқат. Наркомания – бұл есірткілік заттар тізіміне ресми түрде енген заттарды ұлғаятын мөлшерде қолдануға деген патологиялық әуестіктен көрінетін сырқаттар тобы. Бұл сырқаттарға психикалық, физикалық тәуелділік, толеранттылықтың (әдеттену, үйрену) өсуі, ал қолданбаған кезде – абстинентті синдром (ломка) тән. Кез-келген психобелсенді заттарды қолдану психикалық іс-әрекет пен адамның физикалық қалпына күрделі бұзылулар әкеледі, ол өз кезегінде науқастың өзіне де, оның туған туыстарына, жалпы қоғамға зиян келтіреді. Зейін аударыңыз! Алкогольді қолдану тілегі туындағанда кез-келген жағдайда ойша және шын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз: А) маған бұл (алкоголь) не үшін керек? Б) алкоголді қолданғаннан мен не аламын? В) менің алкогольді қолданғанымнан кім жеңеді және кім жеңіледі? Г) өзім және менің отбасым бақытты болу үшін мен қандай мөлшерде алкоголь ішу керекпін? Д) мен өзімді құрметтеймін бе? Е) мен не үшін туғанмын? Ж) менің алкогольді ішімдікті қолданғаным саналы әрекетке жатады ма? Ұсынылған есірткі немесе алкогольден бас тарту кезінде ең ыңғайлы жауапты таңдаңыз: «Рахмет, жоқ. Мен өз істеріме есеп беретіндей жағдайда болғым келеді». «Рахмет, жоқ. Мен велосипед тепкелі жатырмын». «Рахмет, жоқ. Мен ата-аналарыммен, мұғалімдермен кикілжіңге түскім келмейді». «Рахмет, жоқ. Ішсем (есірткі қолдансам), өзімді билеу қабілетімнен айырыламын». «Рахмет, жоқ. Маған алкогольдің (есірткінің) дәмі ұнамайды». «Рахмет, жоқ. Ішімдік ішкен соң, тез шаршаймын». «Рахмет, жоқ. Бұл менің стилімде емес». «Рахмет, жоқ. Мен толғым келмейді (сыра – жоғарыкалориялы өнім)». «Рахмет, жоқ. Мен спорттық жаттығуға баруым керек». «Рахмет, жоқ. Басқа еш нәрсе ұсына алмайсың ба?». Есірткіні таратушы адамдардың әдеттегі сөзі: Факт: олардың барлығы сондай болса да, өз күштерін де, таланттарын да жоғалтқан. Факт: нашақорлар барлық өмір қызықтарынан еркін болады. Факт: тек бір рет қана бас тартуға болады – бірінші рет. Алайда адамдардың 99%-ы үшін ол соңғы болмайды. Факт: ол барлық өмірді күрделі мәселеге айналдырады. Факт: айырады, бірақ өмірмен бірге