Тағыберген Ақбаян 3 «в» сыныбы Нан қайдан шығады? Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр етті. Төмендегі бір бөлкені алып кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалады, тышқан зып беріп тысқа атып шығады. Бірақ алысқа ұзамады. Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан, біліп алсам ғой, -деп қызыға кетті.
- Нан, нан, сен қайдан шығасың? – деді сыбырлап.
- Сатушыдан сұра, - деді нан.
Тышқан сатушыға барады:
Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
Наубайшыдан сұра, - деді сатушы. Тышқан наубайшыға барып сұрайды.