Саясатұлы Маханбет 2 «а» сыныбы Менің Қазақстаным! Мен өз елім Қазақстанды қатты жақсы көремін. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар тату-тәтті өмір сүреді. Қазақстан тәуелсіз ел. Қазақстанның жері өте үлкен. Бас қаласы – Астана Қазақстанда ағаштар, көлдер көп. Өз Отаным Қазақстанда тұрғанымды мақтан тұтамын.
Қазтаев Рауан 2 «а» сыныбы Менің Қазақстаным Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел!
Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Қазір қазақ елін жер жүзі біледі. Біздің жеріміз толған қазына. Еліміздің өнімдері өте сапалы. Менің отбасым өз өнімімізді қолданады. Біздің табиғатымыз керемет әдемі. Еліміздің әнұраны дүниежүзінің әр қиырында қазақ тілінде шырқалады. Бұл менің жүрегімді мақтаныш сезіміне бөлейді. Мен туған елімді, ана тілімді ардақтаймын!