Жапаров Әлімжан
4 «ә» сыныбы
Шығарма
Өсиет
Әкесі өлерінің алдында баласына өсиет етіп айтты:
Жақсы тұр, ешкімге жалын ба, бөтен біреу саған жалынатын болсын. Және де ішкен тамағың тәтті болсын, сонда бай боласың, - деді әкесі. Әкесі дүниеден кетті. Баласы әкесі айтқан қалыпша ешкімге жалынбай, жақсы тамақ ішіп, жақсы киім киіп тұрды. Бірақ кедей бола берді.
Бір күні ол әкесімен бірге туған ағасына барып, әкесі айтқан өсиетті айтып берді. Сонда ағасы оған:
Сен әкенің айтқан өсиетін түсінбеген екенсің. Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге жалынбайсың, саған біреу жалынатын болады. Жұмыстан кеш қайтып, сонда саған тамағығ тәтті боп көрінеді. Сонда баласы әкесі айтқан өсиетті түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |