Қуандықова Карина 4 «в» сыныбы Мен тәуелсіз елдің ұланымын Өзім Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін тудым. Бірақ тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ екенін білем. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында халқымыз көп қиыншылық көрді. Тәуелсіздік ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Әртүрлі хандар және ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күресті. Халқымыздың бостандықты аңсап, бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде қалатыны рас. Қазіргі таңда Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқының күні. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін еліміз әртүрлі табыстарға жетті.