Жолдасбекова Дариға Желтоқсанның он тоғызы Шығарма Астана арман қала Астана – Қазақ елінің болашақ қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жылда Астана дамып кетті. Мұндай мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында Астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматғық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт мандайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзіннен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі...
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала- Бас қала
Астана өсуде.