Бекшора Маржан Жаңа жыл Маған жаңа жыл ұнайды. Біз отбасымызбен жаңа жылды қарсы аламыз. Үйде шырша құрамыз. Сыйлықтар сыйлаймыз. Бір-бірімізді құттықтаймыз.
Ақмаржан Желтоқсанның он бірі Шығарма Жаңа жыл Жаңа жыл кеші өте қызық өтеді. Әртүрлі шырақтар жалт-жұлт етіп өшіп жанып тұрады. Жаңа жыл кешін де әртүрлі аңдардың киімін киіп, шыршаны айналады. Жаңа жылда аяз ата ақшақар қызымен бірге келіп тақпақ айтқан балаларға сыйлық таратады.
Нажим Нұрай Шығарма Тәуелсіздік Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн. Азаматтықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да жиырма жыл толғалы тұр. Тәуелсіздік-біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
Истелиев Айдар Менің жақсы көретін мерекем ол жаңа жыл. Жаңа жылда әркім өз отбасымен бірге тойлайды. Жаңа жыл жылына бір рет болады. Өйткені ол басқа мерекелерден ерекше. Басқа мерекелер күндіз өтеді. Ал жаңа жыл түңгі он екіде басталады. Сол себептен ол ерекше мереке! Әр отбасында мерекелік дастарқан жайылады. Әртүрлі тағамдар пісіреді. Далада отшашулар болады. Жаңа жыл сонысымен қызықты.