Серік Мейіржан 2 «б» сыныбы Қазанның он бесі Шығарма Менің Қазақстаным



бет56/235
Дата06.02.2022
өлшемі184,84 Kb.
#81938
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   235
Байланысты:
Эссе, шығармалар

Қайратұлы Рамазан
3 «в» сынып
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Япырай қайдан шықты екен осыншама нан! Біліп алып шыққан жеріне кірсем ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сұқтана сығалады.
- Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап,
- Сатушыдан сұра,- деді нан. Тышқан сатушыға келді:

  • Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?

  • Наубайшыдан сұра, - деді сатушы. Тышқан тыпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

  • Нан қайдан шығады?- деді бір наубайханашыға келіп.

  • Диірменшіден сұра,- деді наубайханашы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірменнің тасы тыныш шыркөбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болды. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып таңдана қарап тұды да:

  • Диірменші, нан қайдан шығады?-деп сұрады.

  • Қырманшыдан сұра,- деді ол.

Тышқан қырманға келді. Адам өте көп. Бәрі де жұмыс істеп жатыр. Біреуі бидай тазалап, екіншісі бидайды қапқа салып тиеп жатыр. Тау-тау болып үйілген бидайға тышқан қызығып тұрды.

  • Қырманшы, нан қайдан шығады?- деді.

  • Комбайыншыдан сұра,- деді қырмашы қарт.

Қырманшы далада егін орып жүрген комбайыншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайыншы, нан қайдан шығады?- деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайыншы.
-Ой мұның азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ нан таба аламын, - деп қутың-қутың етті тышқан.
- Әне, мысық келе жатыр! - деді комбайыншы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет