Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет439/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

б) моральдық философия
Әрине, адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар-намыс, 
парыз сияқты моральдық құндылықтардың бар екенін ешкім де теріске 
шығармас. Осы және т.с.с. рухани құндылықтарды жан дүниесінде 
сақтап қалу үшін ол көп нәрселерден айырылуға дайын. Біздің ойы-
мызша, моральдың арқауын «тұлға мен қоғам» арасындағы қарым-
қатынастардан іздеу керек. Өйткені адам басқа кісілермен сан алуан 
байланыс, өзара іс-әрекетке түсіп қана өмір сүре алады, ол оның 
әлеуметтік табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың 
ережелік, нормативтік ерекшелігін алға тартуға болады, өйткені күнбе-
күнгі адамдардың миллиондаған іс-әрекетін ретке келтіру үшін олар 
ереже, қағида, мұрат ретінде қорытылады. Моральдық сана шындықты 
алдын ала болжай алады, оның талаптары күнделікті өмірлік 
қатынастардың ар жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп тірейді. 


539
Бұл арада біз моральдың аксиологиялық (құндылық) жағына келіп 
тірелеміз. Расында да, моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я бол-
маса басқаның жүріс-тұрысын бағалауға мүмкіндік аласыз. Олай 
болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде өзіңді қалай ұстау керек екенін 
көрсетіп қана қоймай, адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігіне 
айналады. Моральдық қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін 
құрайды. Сондықтан адамның моральдық қағидаларды таңдап, оны 
өз құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір сал-
тын анықтайды. Сол себепті саясаттан бастап нақтылы күнбе-күнгі 
адамдардың қарым-қатынасына дейін барлық әлеуметтік құбылыстар 
моральдық тұрғыдан бағаланады.
Моральдық қағидалар біздің алдымызға абстрактілік жалпыға бірдей 
талаптар қояды. Өмірдегі нақтылы қарым-қатынастар оның мазмұнын 
біршама өзгертуге мәжбүр етеді. Мысалы, ерлік пен батылдық, 
абстрактілік тұрғыдан алғанда, – жақсы құндылықтар. Қиын-қыстау 
жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл қасиеттерді көрсете 
білуі керек. Сонымен қатар батылдық жемқор шен иелерінің, я бол-
маса қылмыскерлердің де қасиеті болуы мүмкін. Уақытында Гитлер 
неміс халқына: «Мен сіздерді ар-ұждан сияқты құбыжықтан босата-
мын», – деген болатын. Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сан-
сыз зұлымдығы адамзаттың есінде қалған. Өз халқымен күресіп, оны 
тарихта болмаған қуғын-сүргінге, қудалауға ұшыратқан сталиндік 
тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. Дүниежүзілік тәжірибе 
көрсеткендей, қандай да бір тоталитарлық қоғам мен бүкіладамзаттық 
моральдық қағидалар ешқашанда бір-бірімен ымыраға келмейді.
Бұл арада біз моральдың жалпыадамзаттық қарапайым қағидала-
рына келіп тірелдік. Олар бір қарағанда тұрпайы сияқты болғанымен, 
қазіргі адамзат тағдыры үшін өте маңызды болып отыр. Өйткені тек 
қана бірлесіп, сабырлылық пен төзімділік, қайырымдылық көрсетіп, 
зұлымдыққа жол бермей, мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды 
шешіп, ядролық соғыс пен экологиялық апаттың алдын алуға болады. 
Сол сияқты, нақтылы адами қарым-қатынастарда да төзімділік пек 
адалдықтың, біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді 
сыйлау, әке-шешеге риясыз құрмет көрсету т.с.с. құндылықтардың 
маңыздылығын асыра бағалау қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет