Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет285/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

ұлттық зиялылардан
көрдi. 
Сондықтан А.Байтұрсынұлы зиялыларды бiрлiкке, олардың бiлiмi мен 
жалпы мәдениет деңгейiн көтеруге шақырады. «Қазақтардың ұғымында 
адамның екi тiлсiз жауы бар, ол – от пен су», – дейдi ойшыл. Үшiншi 
жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған – «менмендiк», 
«көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бiрлiктiң жоқтығы», «сатқындық» 
т.с.с. Шендi қуып, патша қызметшiсiнiң жарқыраған түйме мен жап-
сырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара 
алу сияқты жоғарыдағылардың терiс қылықтарын ақын қатты сынға 
алады (Ақ жол., 213-б.). Ол зиялыларды 
халық мүддесiне
жан аямай, 
iзгi ниетпен адал қызмет
етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзiлiк 
цивилизацияның ғылым мен техникада қол жеткiзген жетiстiктерiн 
игерiп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың 
рухани байлығымен үйлесiмдi ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгiнгi 
күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.
Патша үкiметiнiң отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес зама-
нында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың 
өз-өздiгiн 
(идентификация) жоғалту
қаупін тудыруын байқап, оған барлық жан-
тәнiмен қарсы тұрды, халықтың ана тiлi мен руханиятын дамытуға 
барынша атсалысты.
Сонымен қатар ол 
екiншi қауіпті 
да көре бiлдi. Ол қауіп қоғам 
жүйелi түрде түбегейлi өзгерiстерге түскен кезде, 
Жаңа дәуiрдiң
қой-
ған 
талаптарынан
жасқанған ұлттық сана-сезiм өзiн сақтап қалуды 
автаркиялық (өзiне-өзi жеткiлiктi)
бағыттан көруге тырысуы, сол 
себептi өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуi, оны асыра 
бағалауы. 
Өткен заман келмеске кеттi, оны қайтару мүмкiн емес, сондықтан 
алға кеткен халықтардың жетiстiктерiн игерiп, болашаққа қарай 
жігерлi де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол, 238-б.). Сонымен қатар 
бұл үрдiс халықтың өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет