Серік Мырзалы философия оқу құралы


ұлттық демократиялық қозғалыстың



Pdf көрінісі
бет281/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
ұлттық демократиялық қозғалыстың 
белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда 
олар 
«Алаш» партиясын
ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-
сезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың 
бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ 
елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады. Бiрақ 
олардың көбi қоғамды шынайы түрде 
демократиялық реформалар
арқылы өзгертудi қалады, 20 жылдардан басталған сұрапыл қантөгiс 
оларды қатты қынжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек:
«Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ,


314
Батыр хандар, асқақ жандар ұмытылды.
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ-ардың, 
Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумағынан 
өткендi романтизациялаумен қатар, сол кездегi халықтың аянышты 
жағдайын ашық та батыл көрсеткенiн байқаймыз.
Оны бiз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да көруiмiзге 
болады:
«Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бiр 
өртке
қаудан шыққан 
душар болып
,
Не қалды тәнiмiзде 
шарпылмаған
».
Бiрақ өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты 
ағарту
, оның өзiндiк 
сана-сезiмiн
дамыту iсiн олар 
тоқтатқан жоқ

Өйткенi олар халықтың 
болашағын көздедi
, ертелi-кеш халық 
өз 
егемендiгiне жететiне сендi
және сол үшiн қажымай-талмай, қолынан 
келгенiнiң 
бәрiн жасады
. Олар халыққа бiлiм беру жолында мектеп-
терде жұмыс iстеп, неше түрлi оқулықтар мен газет-журналдарды, 
романдар мен өлеңдердi, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи 
мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшiн, барлық 
қолдан келгендi жан аямай жасады. Оны бiз Ахаңның мына жолдары-
нан байқаймыз:
«Тән көмiлер, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет