Серік Мырзалы философия оқу құралы


I тарау. Мәдениет аясындағы философия және



Pdf көрінісі
бет3/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

тарау. Мәдениет аясындағы философия және 
оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл 
дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы дүниедегі 
орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, 
я болмаса «Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл дүниені адам 
танып, түбіне жете алар ма екен? Мені айнала қоршаған табиғат неге 
шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем дүниені өлер 
шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл дүниеге уақытша ғана 
келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? Міне, осындай және мыңдаған 
басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің 
ой өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне 
қарай бұл сауалдарға жауап беріп, дүниеге деген өзіне тән көзқарас 
қалыптастырады. 
Алайда дүниеге деген қайсыбір көзқарасты философияға 
жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана дерексіз (abstractіo – 
латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір-
бірінен бөліп алып қарау, дерексіздендіру) ой өрісі дамуының негізінде 
дүниені ұғымдармен бейнелеу
түрі жатады. Олай болса, 
философия – 
дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауым-
дық қоғамның шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз 
мифология
дейміз 
(mіthos – грек сөзі, баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағына 
береді).
Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фан-
тастикалық (phantasіa – грек сөзі, қиял, елес) түсініктер. Алғашқы 
қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның 
табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар 
өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат 
құбылыстарын сезіну және түсіну құштарлығы – мифтердің дүниеге 
келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап 
шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, 
көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. 
сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде 
берілген. Ол айнала қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған 
сәйкес қалыптасқан халық тіліне байланысты болса керек. 
Бірақ тереңірек қарасақ, әртүрлі халықтардың дүниеге қойған 
сұрақтары, ізденістерінің бір-біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. 
Олар: Дүние қалай пайда болды? Кім адамды тудырды? Адам неге 


7
өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге 
бір-бірінен бөлінген? т.с.с.
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды 
қанағаттандырмайды, оған ол тұрпайы болып көрінеді, өйткені миф-
терде табиғаттың құбылыстары сиқырлы күштер арқылы түсін-
діріледі. Мифтер – адамзаттың «балалық тарихындағы» туындылары. 
Сол кездегі адамдар мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге өзінің 
ықпалын тигізе алатынына кәміл сенді. Сөйтіп, олар айналадағы 
қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қиялдау жолымен түсінуге 
және игеруге тырысты. 
Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға 
бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет