Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 13. Жүйе, элемент, құрылым



Pdf көрінісі
бет368/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

§ 13. Жүйе, элемент, құрылым
Жоғарыда талданған санаттар сияқты, жүйелік те – болмыстағы 
заттар мен құбылыстарға тән қасиет. Ол дүниедегі ретке келгендікті, 
белгілі бір заңдылықты, хаосқа қарсы тұрған үдерістерді сипаттайды.
Жүйе дегеніміз – белгілі бір тәртіпке келген өзара байланыстағы 
элементтер жиынтығы. Элементтер деп нақтылы тұрғыдан алып қара-
ғанда, ары қарай бөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөлшек-
терін айтамыз. Басқа жағдайда, байланыстарда сол элементтердің өзі 
жүйеге айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүкіл дүниені жүйенің 
жүйесі ретінде қарауға болады. 
Әрбір элемент белгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады. Егер ол 
болмаса, онда жүйе де қалыптаса алмайды. Элементтердің өзара байла-
нысы мен іс-әрекеті жүйенің жаңа – өз элементтерінің қосындыларына 
тең емес – қасиеттерін тудырады. Мысалы, суды құрайтын сутегі мен 
оттегі бөлек-бөлек алсақ – жанғыш. Ал судың элементтері ретінде 
біріккен кезде, керісінше, отты сөндіретін қасиетке ие болады.
Қайсыбір жүйе өзіне тән құрылымнан тұрады. Құрылым деп 
жүйенің элементтерінің арасындағы тұрақты байланыстары мен 
қарым-қатынасының жиынтығы айтылады. Ал тұрақты байланыс-
тар заңдылықтың негізінде жатқан жоқ па? Олай болса, құрылымды 
элементтердің заңдылықты байланыстары десек те болады. 
Дүниедегі сан қилы жүйелерді ең жалпы түрде екіге бөлуге болады. 
Оның бірі – бейорганикалық, яғни өлі табиғаттағы кездесетін жүйелер. 
Оған мысал ретінде Күн жүйесін, неше түрлі химиялық қосындыларды, 
техникалық жүйелерді келтірсек те жетеді. Олардың ерекшелігі – жүйе 
оны құрайтын құрамдас бөлшектеріне тәуелді. Мысалы, Күн жүйесін 
құрайтын планеталардың біреуі болмағанда, жердің орбитасы басқа 
болып, оның бетінде, мүмкін, өмір пайда болмас та еді!
Екінші: органикалық жүйелерді алсақ, олар өзінің өте күрделі-
лігімен, сонымен қатар біртұтастықтың өзінің құрамдас бөлшектеріне 
қарағанда басымдылығының арқасында өмір сүреді. Олар өз-өзін 
толықтырып, өзіндік даму дәрежесіне дейін көтеріледі. Оған мысал 
ретінде қайсыбір тіршілікті алуға болады. Бейорганикалық жүйелердің 


416
бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде қарағанда, дербес 
болып, өз-өздігімен өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің 
элементтері жүйеге толығынан тәуелді, одан сырт қалса, өмір сүре 
алмайды. Мысалы, адамның бауыры мен бүйрегі біртұтас организм 
жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін тоқтатады. Тек қана 
организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнің құрамдас 
бөліктерімен қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.
Органикалық жүйелердің екінші керемет қасиеті – олардың ішкі 
даму бағдарламасының болуы. Оның терең мән-мағынасын бүгінгі 
таңда тез қарқынмен дамып келе жатқан генетика ғылымы зерттейді. 
Қоғам өмірінде ол саналы түрде жасалған мақсат-мұратқа айналады. 
Мысал ретінде «Қазақстан-2030» бағдарламасын келтіруге болады.
Бүгінгі таңда ашылған ең күрделі жүйе, әрине, – қоғам. Қоғам 
өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді. Олардың бәрі де саналы 
пенделер, өз өмірін жоспарлап, өз алдына неше түрлі мақсаттар қойып, 
оны іске асыру жолында басқа адамдармен топтасып, көзге көрінетін 
сан алуан қарым-қатынастарға түседі. Ал көзге көрінбейтін саны жоқ 
қатынастарды тіпті есептеу мүмкін емес! Мысалы, дүкенге барып бір 
нан сатып алсаңыз, ол тек қана сіз бен сатушының қарым-қатынасын 
көрсетіп қана қоймайды. Сол қарапайым байланыс сізді саны жоқ 
астыртын миллиондаған адамдармен қосады. Ол нанды ұннан жасайды, 
ал оны өндіру үшін бидай қажет, ол үшін егін егу керек, оған трактор-
лар мен сепкіштер керек, ал оларды жасау үшін темір рудасын өндіріп, 
оны металлургия комбинатында балқыту керек…т.с.с.!!!
Қоғамның күрделі жүйе екендігін реформа барысында, әсіресе сая-
саткерлер естерінен шығармаулары керек. «Ең алдымен экономика 
саласындағы реформаларды жасап алайық, қалғаны бірте-бірте өз 
орнына келер» деген жалаң да тұрпайы ұрандар, құдайға шүкір, бүгінгі 
таңда келмеске кетті. Экономика қоғамның іргетасын құрайтындығы – 
хақ. Сонымен қатар бүгінгі таңда «адам факторының» негізгі қоғам 
байлығына айналып жатқаны да еш күмән туғызбайды.
Қоғамды дүниедегі ең күрделі жүйе ретінде қарағанда, оның өзі де 
оған бағынышты ішкі қосалқы жүйелерден тұратынын айқындаймыз. 
Бүгінгі кең тараған пікір – оны төрт қосалқы жүйеге бөлу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет