582
халық алдындағы жауапкершілігінің төмендігі, моральдық қасиет-
терінің тайыздығы. Өтпелі қоғамдағы жаңа қалыптасып жатқан
кейбір іскер топтар өкілдерінің көбінің бойында қарапайымдылық,
басқалардың қамын ойлау, әділеттілік деген қасиеттер жоқтың қасында.
Жеңіл келген байлықтың буына мас болған кейбіреулер тіпті дөрекі
нәрселерді жасап, өзін қоғамдық пікірге батыл қарсы қоюда.
Мұндай теріс ахуал қалыптасуының негізінде реформаларды
тез арада өткізу қажеттігі жатқан болатын. Екіншіден, әрине, Батыс
өмір салтына әсіресе «тәтті өмір» идеологиясына ойланбай еліктеу
жатса керек. Нәтижесінде «жаңа орыстар», «жаңа қазақтар» деген
сөз тіркестері пайда болып, халық жүздеген анекдоттарда оларға өз
бағасын берді. Олар халықтың сый-қошеметіне ие болу, өз әлеуметтік
мәртебесін мойындату үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы, қорланған
көп әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуы қажет. Өйткені
либералдық саясат ұстаған мемлекет, біздің жағдайда, тез арада оларды
шеше алмайды.
Қазақ елінің ерекшелігін ескере отырып (аумақ көлемділігі, ауа
райының қаталдығы, халқының аздығы т.с.с.), мемлекеттің аса үлкен
рөлін ескеру қажет. Олай дейтін себебіміз: реформа барысында мем-
лекетке деген «романтикалық», «жеңіл» көзқарастың қалыптасуы
нарыққа аса көп үміт артуға байланысты болды. Реформаторлардың
ойынша, нарық қалыптасса, А.Смиттің «көзге көрінбейтін нарық
қолы» барлық экономикалық қатынастарды өзі-ақ ретке келтіреді. Ал
мемлекет жекенің мүлкін сақтайтын «түнгі күзетші» болып, салықты
жинап, қоғамның қажетіне жаратуы керек. Екінші бір кең тараған
«либералдық пікір» – тек қана жеке меншіктің аса тиімділігі, ал
мемлекеттік меншіктің ауырлығы, өзгеріп жатқан ахуалға тез икемделе
алмауы т.с.с. Шынына келгенде, әңгіме меншік формасында емес, оны
Достарыңызбен бөлісу: