Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет199/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

бақытқа 
деген ұмтылысы
», – деп қорытады ол. Қаһарлы я болмаса мейiрбанды 
құдайлар адамдардың құмартуының тұңғиығы мен шытырман 
қажеттiктерiнен шығады. Демек, адамдардың сан алуан мұқтаждықтары 
мен содан шығатын тiлектерi – дiннiң дүниеге келуiнiң әкесi. Ал сонда 
оның шешесi кiм? Фейербахтың ойынша, ол адамның бақытқа деген 
iңкәрiнен шығатын қиялдары, яғни таным үдерісiндегi қиындықтарда 
жатыр. «Адамның надандығының түбi және қиялының шегi жоқ. 
Надандықтың арқасында өзiнiң негiзiнен айырылған табиғат күштерi 
шексiз қиялдауға қосылып, Құдiреттi Құдайды тудырады».
Сонымен қатар Фейербах дiннiң психологиялық түп-тамырына да 
терең сипаттама бередi. Ол – адамның өлместiкке деген тілегі, соның 


228
себебiнде қайсыбiр дiннiң «о дүние» жөнiндегi ғажап қағидасына сенуi. 
«Адам өзiнiң өмiрiнiң соңдығын, әлсiздiгiн, шектелгенiн, басқа еш 
нәрсеге қарағанда, өлiмнен қашып құтыла алмайтындығынан терең 
сезiнiп тебiренедi», – деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен, дiн дегенi-
мiз – құпияландырылған қиялдың жемiсi болып шықты.
Фейербах дiннiң ғасырлар бойы қалыптасқан екi формасын 
көрсетедi. Бiрiншiсi – ол мистификацияланған (құпияланған, құдi-
реттелген) табиғат күштерi. Екiншiсi – ол адамның өзiне ұқсайтын 
Құдай идеясы. Ол жөнiнде Фейербах былай дейдi: «Шексiз де құдiреттi 
Құдайдың мәнi дегенiмiз – ол адамның өзiнен бөлiп алынып, ерекше 
өмiр сүрiп жатқан сияқты адамның рухани мәнiнiң өзi». 
Сонымен қатар Фейербах христиан дiнiнің езiлген адамның рухани 
жұбатушысы ретiндегi қызметiн көрсетiп, оны әшкерелейдi. Оның 
ойынша, Құдайға сену – дүниедегi зұлымдықты құртуға бағытталған 
құралдар жөнiндегi ойларды шетке шығарып тастайды. Адам бұл 
дүниеде iске аспайтын ынталарына бола, iске асыра алатын тiлектерiн 
аяққа басады. Олай болса, Фейербах: «Мен құдайды терiстеймiн, олай 
дегенiм – мен адамды терiстеудi терiстеймiн», – деп, Гегельдiң тiлiмен 
оның iлiмiне қарсы шығады. Өйткенi о дүниенi терiстеу дегенiмiз – 
бұл дүниенi орнықтыру деген сөз. Жарқын болашақ – ол сенiмге емес, 
адамның өзiнiң борышына жатады.
Мiне, ендi бiз Фейербахтың философиясының негiзгi мәселесiне келiп 
тiрелдiк, ол – 
адам мәселесi
. «Жаңа философия адамды және соның 
негiзi ретiндегi табиғатты философияның ең негiзгi универсалды пәнiне 
айналдырады». Сондықтан бiз Фейербахтың iлiмiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет