28
ең биік мұратқа сай түрі деген пікір айтып, мидағы болып жатқан
неше түрлі бұлдыр, көмескі үдерістердің
өзі адамдардың материалдық
болмысынан шығады деген пікірді олар «Неміс идеологиясы» деген
еңбектерінде ашық айтты.
Сонымен қатар марксизм адам санасының өзін тудырған материал-
дық үдерістерге белсенді кері әсерін тигізіп,
оны жетілдіретінін
мойындады.
Философиядағы материалистік ағым ең көне, бүгінгі таңда жан-
жақты дамыған жеке ғылымдардың нәтижелерін өз бойына сіңіріп,
адамзаттың ағарған бөлігінің дүниеге деген
көзқарасы ретінде өзін
көрсеткісі келеді.
Бірақ бұл көзқарастың сонау тұрпайы материализмнен бастап
диалектикалық материализмге дейінгі негізгі әлсіз жері – материалдық
қоршаған ортаның логикасы қайдан шықты? Дүниенің заңдылықтары,
оның дамуының қайнар көзі неде? деген сұрақ. Бүгінгі адамды: «Ол –
дүниенің ішкі қайшылығында, материяның бейнелеу қасиетімен байла-
нысты», – деген жауап толығынан қанағаттандыра алмайды.
Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге
қарама-қарсы бағыт –
Достарыңызбен бөлісу: