Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет264/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
жерге тұрақтандыру
саясатын 
алғашқы бастаған 
тұлға десек, артық айтпаған болармыз:
«Шығарсам арық қазып, Сырдан бойлап,
Ел болсақ 
отырысты
болар едi-ау,
Қыстасақ Алатауды жазда жайлап.
Бiр жағымыз 
қалалы диқан болсақ
,
Көшпелi, бiр жағымыз бие байлап,
Елдерден
қатар жатқан 
үлгi алайық
,
Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап
», – деген даналық ойлар 
айтады. Алайда әлсiреген халық көшпендiлiктiң шеңберiнен өз iшкi 
күшiмен шыға алмады: оған «ұлы мәртебелi Тарих» та уақыт бермедi, 
тек Ресей империясының құрамына кiрiп, сан қилы қиындықтардан 
өтiп барып, оның бүгiнгi егемендiкке қолы жеттi. Сондықтан әрбiр 
саналы жас өзiн қазақ халқының бейбiт, бақытты өмiрiн арман еткен 
бабаларының өсиетiн жадында сақтап, елдi қорғауға, оның бiрлiгi мен 
iргетасын нығайтуға белсендi атсалысуы қажет. Ол үшiн ең алдымен 
терең де сапалы бiлiм
алып, оны шынайы өмiрде 
пайдалану жолда-
рын игерген
жөн сияқты.
§ 5. ХIХ ғ. ағартушылық философия
Қазақ халқының тарихындағы ХIХ ғ. келер болсақ, Ресей империя-
сының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттiң шеңберiнде 
жаңаша, негiзiнен, жерде отырып өмiр сүру жолдарына икемделу, осы 
күрделi де қиын жағдайда халықтың өзiн-өзi сақтап қалу мәселесi 
өмiрдiң алғышарттары ретiнде тарихи сахнаға шығады. Халықтың 


298
тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай өткiр бетбұрыс философия 
саласында 
ағартушылық ағымды
тудырады.
Бұл арада айтып кететiн нәрсе – әрбiр халық өзiнiң өмiрiнiң шешушi 
кезеңдерiнде 
Тарихтың
қойған жаңа 
талаптарына
сәйкес 
жауап
қайтаруы керек. Ол үшiн ескi құндылықтар жүйесiн өзгертiп, дүниеге 
деген жаңа көзқарас енгiзу қажет. Мұндай күрделi iстi зиялылар 
қауымының алдыңғы қатарлы өкiлдерi жасап, халықтың сана-сезiмiн 
өзгертуге тырысады, оны бiз «ағартушылық саты» деп атаймыз. Ондай 
кезең уақытында барлық елдерде болған. 
Отандық ағартушылықтың негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi – рулық, 
одан әрi асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы көшпендiлiк өмiр 
салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтiк-экономикалық, саяси-
құқықтық жағдайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет