303
Абай адамның ерекше пенде ретiнде жаратылғанын ескертедi:
«Адам баласынан махшарда (о дүниеде. – С.М.) сұрау беретұғын
қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар» (аталған
әдебиет, 87 б.). Дүниедегi өлi табиғат, тiршiлiк болсын – бәрi де адам
үшiн жаратылған: «...Жер – мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер –
гүлiн, құстар – жүнiн, етiн, жұмыртқасын; хайуандар – етiн, сүтiн,
күшiн, көркiн, терiсiн; сулар – балығын, балықтар – уылдырығын, хатта,
ара балын, балауызын, құрт жiбегiн – һәммасы адам баласының пайда-
сына жасалып, ешбiрiнде бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi – адам
баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.), – деп қорытады ұлы
ойшыл. Ал мұның бәрi де Алла тағаланың адамға деген сүйiспеншiлiгiн
көрсетедi, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнiмен сүюі
керек, сонда ғана ол өз өмiрiнiң мән-мағынасын табады.
Сонымен, адам – ғарыштың өзегi, ерекше пенде. Бiрақ, соған
қарамастан, ол – шектеулi, өлшемдi, ал Алла тағала – өлшеусiз, шексiз.
Сондықтан «бiз Алла тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, бол-
маса түгел бiлмекке мүмкiн емес... өлшеулi бiрлән өлшеусiздi бiлуге
болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Бiз бұл арада Абай ойының сол
кездегi Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең
екенiн байқаймыз: әңгiме дүниенiң бәрiн қайта өзгертуде емес, ол
тәкаппарлыққа, Құдаймен теңесуге деген адам ынтасын туғызып, оны
шайтан жолына түсiредi. Сондықтан Абай:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бiр кiрпiш дүниеге,
Тетiгiн тап та, бар қалан!» – деген ұран тастайды.
Абай – Жаңа дәуiрдiң перзентi. Сондықтан ол Орта ғасырлардағы
ойшылдардың
Достарыңызбен бөлісу: