Серік Мырзалы философия оқу құралы


қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын  сан алуан  байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын



Pdf көрінісі
бет404/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

қоғам
деп адамдардың арасында қалыптасатын 
сан алуан 
байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын
айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар 
мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне 
жеткілікті
болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін 
нақтылай түсу қажет. Себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша 
алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. 
Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени-
рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген 
ұғымды қалай түсінуге болады? 
Белгілі нақтылы-тарихи қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы 
қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай оты-
рып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі қажет. Мысалы, 
бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, 
ет, көкөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге 
жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан Бразилия емес, сондықтан 
тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты 
жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шетелдерден алмаса бол-
майды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше түрлі компьютерлер, радио-
теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар жер бетіндегі 


478
үлкен астық өсіретін ел болғандықтан, ауыл шаруашылығына керек 
механизмдерді өзіміз шығармай, көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн 
өмірге керек заттардың көбін де өзіміз 
дүниежүзілік талаптарға сай 
етіп
шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз 
өз-өзімізге жеткілікті 
қоғам
боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында 
«ұлттық 
қауіпсіздік»
санаты арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, 
бүгінгі таңда біз өмірге керек көптеген тауарларды шығара алмай
сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз. 
Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен 
қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет