Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет415/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Джанбатисто Вико
(1668-1774 жж.) болатын. Осы шеңберде белгілі 
бір мәдени қауымдастық, ұлт үш дәуірден өтеді екен. Бірінші – діни, 
екінші – батырлық, үшінші – азаматтық, содан кейін бастапқы діни 
сатыға қайта оралады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің халықтың тарихи 


491
батырлық сатысы, шамасы, Алтын Орда мемлекетінің заманында болса 
керек. Қазір біз азаматтық қоғам орнату үдерісіндеміз.
Жүре келе, мұндай «кезеңдік» идея біршама тарихи-сопылық 
көзқарастардың негізіне алынды. Тарихи бірінші болып «мәдени-тарихи 
типтер» ұғымын енгізіп, соның арқасында тарихты сопылап көрген 
орыс ғалымы 
Н.Я.Данилевский
(1822-1885 жж.) болған-ды. Ол Батыс 
Еуропа елдерінің «герман-романдық» тарихи даму жолын жан-жақты 
деп есептемей, керісінше, оның рухани-адамгершілік дағдарыста, 
болашағының жоқ екенін көрсетеді. Оның ойынша, адамзат тарихының 
дамуы «мәдени-тарихи типтердің» өзара бір-бірімен күресі жолында 
дамиды. Бірақ бұл күресте алға шыққан негізі мен құрылымы жағынан 
мықты тип тарихи үдерістің негізін құрайды. «Мәдени-тарихи тип-
тер» сол қауымдастыққа кіретін халықтардың ортақ тілін талап етеді. 
Екіншіден, ол халықтардың саяси дербестігі болуы қажет, үшіншіден, 
ол толыққанды болуы үшін әртүрлі халықтар мен ұлыстардан тұруы 
қажет. Қарап отырсақ, аз-мұз жетілген бұрынғы Ресей империясы көз 
алдымызға келеді. Оның ойынша, егер славяндардың тарихи болашағы 
мол болып, олар көштің басында болса, гүндер мен түріктер тек қана 
қиратуға жаратылған халықтар екен. Қытай, Үндістан, Иран т.с.с. көне 
автохтондық цивилизациялардың да болашағына Н.Я.Данилевский 
күмән келтіреді. Демек, славян тілдері мен мәдениеті шарықтап дамып, 
ал қалған кішігірім халықтар осы «мәдени-тарихи типті» безендіріп, 
сонымен қатар мәресіне жетпей құрып кетеді екен.
Алайда Н.Я.Данилевскийдің бұл жасанды империялық-ұлтшылдық 
тұрғыдан жасаған конструкциясын тарих ақтамады. Бүгінгі таңда көне 
түріктердің тарихын жалғастырып келе жатқан қазақ халқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет