«Рухтың өзегінде не жатыр?»
деген сұрақ.
Оған жауап ретінде біз моральдық құндылықтар дер едік. Бұл арада біз
А.Швейцердің пікірімен толығынан келісеміз. Адамзаттың нағыз алға
жылжуы ғылыми-техникалық жетістіктерде, айнала қоршаған ортаны
сырттай өзгертуде емес, адамның өзінің іштей жаңаруы, моральдық
өрлеуінде жатса керек. Бүкіл рухани дүние әрқашанда моральдың бір
қарағанда байқалмайтын ықпалында болады. Негізінен алғанда, адам
болу дегеніміз өнегелілік, ұдайы өз ар-ұждан, адамның жүрегінен
шығатын ішкі талаптарға ұқыпты қарау, тұлғаның моральдық өмірден
алған тәжірибесін шыңдау емес пе? Рухани өмірдегі моральдық нор-
малар мен құндылықтардың шешуші рөлі түсінікті болуы үшін, біз
адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті ерекшелігін алға тартуымыз керек.
Адам өз жүріс-тұрысында әрқашанда моральдық құндылықтарды
басшылыққа алады, ал оның талаптары көпшілік жағдайда сол сәттегі
адамның мүдделеріне шек қойып, басқа адамдардың да мүдделерімен
санасуды қажет етеді. Өйткені адам бұл дүниеде жалғыз өзі ғана өмір
сүріп жатқан жоқ, ол басқалармен бірге, яғни өне бойы қоғамның
шеңберінде. Моральдың келесі бір ғажап жағы – бүкіл қоғамның
барлық саласын қамтуында. Тіпті адам кейбір жағдайда жалғыздан-
жалғыз қалғанның өзінде, өз-өзіне моральдық тұрғыдан қарап, баға
береді.
Енді осы моральдың ерекшеліктерін рухтың басқа салаларымен
салыстырсақ, онда оның өзектілігі дереу байқалады. ХХ ғ. адамзат ақыл-
ойы табиғаттың терең жатқан сырларын ашып, оларды өз мүддесіне сай
етіп пайдаланды. Сонымен қатар ол адамзаттың өз құдіреттілігіне деген
осы уақытқа дейінгі ойын су сепкендей басты. Өйткені ғылымдағы бір
жаңалықты өмірге енгізіп, оның пайдасын көргенмен, оның қандай
теріс салдар әкелетінін адам қандай керемет компьютермен есептесе де,
толығынан анықтай алмайды. Ал оның өзі экологиялық дағдарыстарға,
529
тіршіліктің азып-тозуына әкеліп жатқан жоқ па? Тек таза есеп-
қисапқа (рационализм) негізделген ақыл-ой, егерде ол моральдық
құндылықтарға негізделмесе, дүниені бейберекеттіктің тұңғиығына,
тіпті адамзаттың өз өліміне әкелуі мүмкін. Моральдық құндылықтарға
мән бермей, «мен бәрін білемін» деген адам компьютердің бір түріне,
барлық тіршілікке өмір беріп тұрған Күн сәулесі емес, сәулесі әлсіз
Айға ұқсайды. Ондай адам «білімді» болғанымен, өз салқындығымен
басқаларды алшақтатады. Моральдық санасы кемтар адам өз
шығармашылығында көп нәрсені байқамай, «барлық заттың өлшемі»
деген бағаға ие бола алмайды. Тек моральдық құндылықтармен тығыз
байланысты, соның ықпалындағы білім ғана адамды даналық дәрежеге
көтеріп, оны «заттардың өлшеміне» айналдырады. Сол себепті бүгінгі
таңда ғылым мен моральдың өзара байланысы ең өзекті мәселеге
айналды.
Енді өнер мен моральдың арақатынасына келер болсақ, онда да
жоғарыдағы ахуал байқалады. Моральдан жұрдай «арсыз әсемдік»
адамды сүйсіндіре алар ма екен? Біз өнер саласындағы туындыларды
бағалағанда, ең алдымен оны тудырған қайраткердің адамгершілік
ізденісіне назар аударамыз.
Діннің моральдық мазмұны мыңдаған жылдар бойы адамның
рухани тірегіне, оның ішкі зұлымдыққа қарсы тойтарыс бере алатын
күшке айналып отыр. Егерде біз діннен оның моральдық жақтарын
алып тастасақ, онда не қалар еді? Ол адамның ақыл-ойына сыймайтын
неше түрлі аңыздардың жиынтығы болып, оған сенуден көпшілік бас
тартар еді.
Философияға келсек, оның ұғымдық құрылымы, мазмұны, әрине,
жеке ғылымдардың аса тез қарқынды дамуына байланысты байыды, оны
терістей алмаймыз. Бірақ біз Платон мен Аристотель, Әл-Фараби мен
Ф.Аквинский, Г.Гегель мен А.Шопенгауерден дүниенің шегіне жеткен
терең метафизикалық мәселелерін талдауда онша алысқа кете алмадық.
Сонымен қатар ойшылдың моральдық, адамгершілік көзқарасына бай-
ланысты жүздеген неше түрлі жаңа философиялық ағымдар пайда
болды емес пе? Өйткені дүниежүзілік тарихта ешқашанда моральдық
адами тебіреністе болмай, болмыстың терең қабаттарын зерттеп жатқан
ойшыл болған жоқ. Орыс халқының тамаша ойшылы С.Л.Франк
айтқандай, «моральдық сана арқылы біз болмыстың шексіз мұхитына
терең сүңгіп, іштей сезіне аламыз…, белгілі бір затты білу дегеніміз –
ортақ өмірде бірге болғаннан кейін оны іштей сезіну болмақ».
Енді саясат пен құқық саласына келер болсақ, олар қоғамды
біріктіретін, оның біртұтастығын қамтамасыз ететін сыртқы күштерге
жатады. Егерде қоғам өміріндегі жүргізіліп жатқан саясат халықтың
жүрегінде моральдық жағынан ақталмаса, ол ешқандай нәтижеге
530
әкелмейді. Биліктегілер елді басқара алмай, шығарылған заңдар орын-
далмас еді.
Сөйтіп, жоғарыда көрсеткеніміздей,
Достарыңызбен бөлісу: |