Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет84/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Ойланыңыз:
Ешқашанда бұл дүниеде өшпенділік өшпенділікпен жойылған жоқ; 
теқ қана өшпенділіктің жоғы оны тоқтатады. Бұл – мәңгілік дхамма. 
Бұл Бүдданың сөзін қалай бағалайсыз?
Жау жауға не істесе де, жалған бағытпен жіберілген ой одан да 
жаман істейді.
Даосизмнің диалектикалық идеялары: барлық дүние болмыстан 
туады. Болмыс бейболмыстан туады. Бірдеңені әлсірету үшін ең алды-
мен оны күшейту керек. Бірдеңені құрту үшін ең алдымен оны гүлдету 
керек. Біреуден бірдемені алу үшін оған ең алдымен беру керек; 
бақытсыздықта бақыт жатыр. Бақытта бақытсыздық бар. Кім оның 
шекарасын біледі?
Аспанның тілегі – адамдар бірін-бірі сүюге тиіс және бір-біріне 
пайда әкелулері керек (Мо-Цзы).
Аспан қарапайым адамдарды елбасы үшін тудырмайды, ол елбасын 
таққа қарапайым адамдар үшін отырғызады (Сюнь-Цзы).
Бейболмыстың өмір сүруі ешқашанда дәлелденбейді. Ой елегін бұл 
жолменен жүргізбе (Парменид).
Сүйіспеншіліктің тартуымен бәрі де жиналады; қастық олардың 
бәрін кері тартады (Эмпедокл). Философия таңғалудан басталады (Ари-
стотель).
Күн, Ай және барлық жұлдыздар – жанып жатқан тастар (Анакса-
гор).
Бір заттың себебін табу – маған парсы тағынан қымбат (Демокрит).
Қандай тәлкекке түссең де, олардың бәрі ғасырлар бойы анықталған. 
Себептердің байланысы басынан бастап сені сол оқиғалармен байлады 
(Марк Аврелий).
Менің білетінім – ештеңені білмейтінім (Сократ).
Уақыт – өзінің істегендерін қарап отырған мәңгілік (Платон).


99
III тарау. Орта ғасырлар мәдениеті
аясындағы философия
§ 1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері
Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим империясының құлауынан 
бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі (V ғасырдан XIV 
ғасырға дейін) уақытты жатқызады. Яғни бұл заман – құлиеленушілік 
қоғамның дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп 
өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі – белгілі өндіріс тәсілінің орна-
уында.
Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың 
ойынша, Орта ғасырлар Еуропа топырағына христиан дінінің пайда 
болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның 
өзі бірқұдайлыққа (монотеизм) көшуменен, философияда адам және 
Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты. 
Сөйтіп, тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжыл-
дық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады. 
Көп жылдар бойы Орта ғасырларға көп көңіл бөлінбей, оны бір-
екі ауыз сөзбен айтып өтіп, ары қарай кете беретінбіз. Орта ғасырлар 
тарихтағы бір кертартпалық, діни түнек, бір орында тұрып қалу, алға 
жылжымау, ғылым мен техниканың алға баспауы, адамдардың рухани 
езіліске түсуі, ерікті ойдың қудалануы, өндіргіш күштердің тұралап 
қалуы ретінде суреттелген болатын. 
Мұның негізгі себебі – Кеңес заманындағы Орта ғасырларды 
атеистік (құдайсыздық) идеологиясының тұрғысынан сынау, бағалау 
болды. 
Бүгінгі таңда біз Орта ғасырлар дәуіріне қызыға қарап жатыр-
мыз. Әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ, әрине, құлдық қоғаммен 
салыстырғанда, бұл заманда үлкен алға жылжу байқалады. Шаруалар 
байларға тіркелгенмен, олардың өздерінің отбасы, малы, жері болды. 
Олар жартылай ғана тәуелді адамдар еді. 
Ғылым мен техникада да белгілі жаңалықтар орын алды. VI ғасырда 
Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа 
дүниеге келіп, кітаптар басылып, шараптан спирт шығарыла бастады. 
1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп 
ашылды. ХII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге 
келді.
1215 ж. Париж университетінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы 
Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде – 
1725 ж., Қазақстанда – 1934ж.). ХIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле 


100
бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасау қолға алынды. 1320 
жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың барлығы 
қоғам өмірінде алға жылжудың болғанын көрсетеді. 
Ал Ортағасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап 
өзгеріс – адам өзінің ішкі жан дүниесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет