Дүние, өмір және адам мәселелері
Енді Аристотельдің метафизикалық көзқарастарын нақтылап, «Ай
астындағы дүниеге», яғни оның натур-философиялық көзқарастарына
келер болсақ, онда бұл дүниенің бұрынғы философтар айтқан төрт сти-
хиясына қайтадан ораламыз.
Аристотельдің ойынша, алғашқы материя қанша енжар, сапа-
сыз, сансыз т.с.с. болғанымен, дегенмен оның жылылық, суықтық,
құрғақтық пен дымқылдығы бар. Ал олардың бір-бірімен жұп-жұп
болып қосылуы дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны: жылы мен
құрғақ – отты, жылы мен дымқыл – ауаны, суық пен дымқыл – суды,
суық пен құрғақ – жерді тудырады.
Ал аспанды алар болсақ, – ол құдіретті Эфирден – квинтэссенция-
дан (бесінші мән) тұрады.
От пен ауа жеңілірек болғаннан кейін, дүниенің шекарасына, ал
жер мен су ортасына қарай жылжиды. Сондықтан оттың жалыны,
жылы ауа жоғарыға көтеріліп кетеді, ал су төменге қарай ағады, ауаға
лақтырылған топырақ қайтадан төменге түседі.
«Ай астындағы дүние» осы төрт стихиядан құралады. Егер Демо-
крит, я болмаса Анаксагор заттарды ұсақ бөлшектердің бір-бірімен
араласуының негізінде пайда болады десе, Аристотель олар бір-бірімен
сіңісіп кетеді деген пікір айтады, яғни затты біртұтас нәрсе ретінде
оның құрамдас бөлшектеріне теңеуге болмайтынын көрсетеді.
Сонымен, дүниеге келген заттардың формасы болғаннан кейін олар
өзінің ішкі мақсатына лайықты өзгеріске, қозғалысқа түседі. Аристо-
тель қозғалыстың төрт түрін көрсетеді:
– Пайда болу мен құру.
– Сапалық өзгерістер, яғни заттардың қасиеттерінің өзгеруі.
– Сандық өзгерістер, яғни заттың үлкеюі мен кішіреюі.
– Орын ауыстыру.
Бірінші қозғалыс түріне келер болсақ, бірдеңе дүниеге белгілі бір
мүмкіндіктің іске асуы арқылы келеді. Олай болса, пайда болу дегеніміз
бір нәрсенің құруына, құру басқа бір нәрсенің дүниеге келуіне әкеледі.
87
Қозғалыс белгілі бір кеңістікті талап етеді және уақыттың
шеңберінде болады. Аристотель кеңістікті заттың алатын орны ретінде
түсінеді, ол Демокриттің көзқарасына бұл мәселе бойынша қарсы
келеді.
Уақыт – қозғалыстың саны. Санды есептейтін адамның жан дүниесі
ғана. Олай болса, ол – жан дүниенің қасиеті ғана. Шын дүниеде тек
қозғалыс қана бар.
Енді тіршілік әлеміне келер болсақ, Аристотель оған материя және
форма тұрғысынан қарайды. Тірінің денесі материядан тұрса, жаны
формадан тұрады. Тіршіліктің жаны оның ішкі энтелехиясын құрайды
да, белгілі бір мақсатқа лайықты етіп қозғалтып дамытады.
Дүниедегі тіршілік, негізінен, үшке бөлінгеннен кейін, Аристотель
жанды да үшке бөледі:
– Өсіп-өнетін жан (өсімдіктер әлеміне тән).
– Сезінетін жан (жануарлар әлеміне тән).
– Ойлайтын жан (адамдарға тән).
Адамның орны тіршілік әлемінде ерекше. Ол – ақыл-ойдың иесі.
Сондықтан оның жан дүниесі, дене құрылымы да өзгеше. Ол тік жүреді,
еңбек етіп, сөйлей алады т.с.с. Адам түйсіктері арқылы заттардың фор-
масын қабылдай алады, барлық түйсіктер бір-бірімен байланысқа түсіп,
затты біртұтас құбылыс ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Адам ақыл-ой арқылы сезімдік кейіптерді қабылдап, шығар-
машылық жолмен игереді. Олай болса, ол қабылдайтын ақыл-ойға және
шығармашылық ақыл-ойға бөлінеді. Соңғыны Аристотель «әрекетті
ақыл-ой» дейді. Оның қайнар көзі – «форманың формасы» – Құдайда.
Көп адамдар өмірдің мәнін ләззат алумен теңестіреді. Ол, шынына
келгенде, – құлдың арманы.
Екіншілер сый-сияпатқа бөленіп, даңқты армандайды, олардың бәрі
де басқа біреулердің ықпалына байланысты, бүгін бар, ертең жоқ.
Үшіншілер байлық қуып шаршайды, бұл соңғы – ең мәнсіз, –
табиғатқа қайшы келетін нәрсе, өйткені байлық басқа мақсаттарға
жетудің құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін, мақсат ретінде оның
ешқандай мағнасы жоқ, – дейді Аристотель.
Адамның барлық іс-әрекетінің мақсаты – рақатқа жету. Адам ақыл-
ойдың иесі болғаннан кейін, әрине, рақаттың ең биік түрі – дүниені
ақыл-оймен шолу (theorіa). Бірақ адам тірі пенде болғаннан кейін, ең
алдымен өмір сүру керек, ол үшін басқа адамдармен қарым-қатынасқа
түсуі қажет.
Әрине, кедейлік, өне бойы керекті нәрселердің жетіспеушілігі,
ауру, бақытсыздық т.с.с. адамды рақаттан алыстатады. Егер бай
болсаң, қалағаныңның бәрі қол астыңда болса, денсаулығың, күш-
қуатың мол болса, онда өзіңді бақытты сезінесің. Бірақ ол рақатқа
жақындатқанымен, оның өзі емес.
88
Рақатқа жетудің негізгі жолы ол –
арете
(arete – грек сөзі, ізгілік,
ішкі салмақтылық). Сонымен, рақат дегеніміз – ізгілікті іс-әрекеттің
нәтижесі, яғни ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, ол туа
бітпеген, оған үйрену керек.
Әңгіме біржақтылықтан аулақ болып, әр нәрсе, іс-әрекет, жүріс-
тұрыстың
Достарыңызбен бөлісу: |