Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


«Менің компаниямда кешігуді ақтайтын жалғыз себеп – ол



Pdf көрінісі
бет49/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

«Менің
компаниямда кешігуді ақтайтын жалғыз себеп – ол
сіздің өліміңіз»
деген қағидасын ұстануға кеңес беремін.
Ұжымдық рухты шынықтырыңыз
Компания құрғанда мен оған ARMAN деген атауды
бекер бергенім жоқ. Бұл расында да менің арманым
болатын. Өз компаниямды құрып, онда барлығын өз
пайымыммен жасағым келетін. Маған əрдайым сынаққа
толы биік мақсаттар қызық болатын. Сондықтан əлемдік
деңгейде табысты компания құрамын деп, биік мақсат
қойдым. Қазір негізі қаланғаннан бері 15 жыл өткен
халықаралық 
нарыққа 
шыққан, 
басқа 
елдерден
өкілдіктерін ашып, жаңа бағыттарға ден қоя бастаған
кезде арманымнын жүзеге аса бастағанын байқаймын.
Біздің компаниядағы негізгі құндылық – ол адамдар.
Басынан персоналды дамыту антирейдерлік стратегияның
бір бөлігі болатын: егер кеңселер мен жабдықтар емес,
командаға барыңызды салсаңыз, кез келген сəтте елді
ауыстырып, табысты бизнесті жаңа жерден жалғастыра
беруге болады. Кейін өсуге көп көңіл бөлінетін
компанияда жұмыс жасайтын адамдардың тек тиімді ғана
емес, сондай-ақ бақытты да болатынын байқадым. Сол
кезде бұл біздің миссиямызға айналды.
Менің əрбір қызметкерге айтарым: сіз біздің
компанияда қанат жайып, өз арманыңызды жүзеге асыра
аласыз, ТМД мен əлемдегі əріптестеріңіз құлақ асатындай
саланың халықаралық деңгейдегі үздік мамандарының
бірі бола аласыз. Ал егер сіз біздің құнды активімізге
айналып, өзіңіздің ғылыми қызметіңізбен немесе жоғары
сатылымдарыңызбен үлкен табыс əкелетін болсаңыз,


компанияның үлескері болып, опциондық бағдарламаға
қатыса аласыз деймін. Сондықтан əрдайым компания үшін
пайдалы болу керектігін түсінетін адамдар басқалардың
қолынан келмейтінді жасауды үйренеді, ARMAN
холдингінде көп нəрсеге қол жеткізеді.
Бiз өзіміздің ұжымдық мəдениетімізге аса қатты көңіл
бөлеміз. Біз үшін командамызға қабылдаған адамның
бізбен құндылықтары ортақ болғаны, ұжымшыл ойыншы
болғаны маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет