ел
сіздің
қайдан
екеніңізге
емес,
қаншалықты қызықты пікірлесетініңізге қарайды.
Сылтау айтып керегі жоқ.
Ақша керек пе, барлығын сатуды
үйреніңіз
Мен алғаш рет қомақты ақшаны құрылыс жасағында
жүріп таптым. Бірінші курстан кейін жаз айларында біз
Қазақстанға, Павлодар облысына үйлер мен қоралар
тұрғызуға аттандық. Қырық градус ыстықта жан аямай
еңбек етіп, əрқайсымыз 1500 рубльден табыс таптық. Бұл
жақсы ақша болатын, сол жылдары жаңа автомобильді
4000 рубльге сатып алатын.
Табысымның көп бөлігіне ата-анама сыйлық ретінде,
сол кезде сəнге айналған жиһаз сатып алдым. «Стенка»
деп аталатын гарнитура, сол кезде бүкіл жұрттың арманы
болатын. Ленинградта жиһаз сатып алуға қауқарым
жеткеніне масаттандым. Сыйлығымды үйге контейнермен
жөнелттім, ал қалған ақшаны өз жобаларыма жұмсадым.
Мен ата-анам мен қарындастарыма əрдайым
көмектесіп тұрдым. Мұндай жауапкершілік пен отбасыға
деген қамқорлықты да бойыма əке-шешем сіңірді.
Егер қазір балаларыңыз болса, оларға кішкентай
кезінен өз отбасына қамқор болуды үйретіңіз, сол кезде
олар жауапкершілігі мол əрі мейірбан адам болып
өседі.
1990 жылдардың басы барлығы үшін қиын кезең
болды. Ақша табу үшін кез келген жұмысты істедік, тіпті
вагоннан жүк түсірдік. Екінші курста мен тауар сату үшін
оны қаладан қалаға тасымалдай бастадым. Біз электрлі
аралар, дрельдер, үтіктер жəне тағы басқа заттарды алу
үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, оларды Балтық жағалауы
елдеріне апарып сататынбыз. Қолымызға сыйғанынша
аламыз. Мен 20 үтік алып кететінмін. Тапқан ақшама сол
жақтан киім алып, Санкт-Петерборға əкеп саттым. Бұл бір
соншалықты көңілді кəсіп емес еді. Əр сапар сайын
басыңды қауіпке тігесің. Мұндайда жоспарыңды көп
адамның білмегені жақсы.
Жолай болатын қақтығыстардан кейін көптеген
жігіттердің тауы шағылып, басқа қалаларға ауысып жатты.
Көбісі үшін тынышы оқуды тастау немесе басқа оқу
орнына ауысу болды. Тек əлгіндегідей түйткілдерге тап
болмаса болғандары. Əрине, маған да оңай соққан жоқ,
алайда
өз
мүддемнен
айнымай,
Петерборда
жобаларыммен айналыса беремін деп шештім.
Сол жылдардан аман-есен өткеніме, беріспей, өз
кəсібіме жол ашқаныма ризамын. Біздің студенттік
қалашықта да үлкен қақтығыстар болып тұратын. Бір
атышулы оқиға «Қылмыстық Ресей» деген кітапқа енді.
Бригадалардың біреуі «кездесуге» жігіттердің екі тобын да
шақырады. Сол екі топтың да жігіттері спортзалдың
ішінде бірінен соң бірі оққа ұшты. Денелерін
микроавтобусқа салып, өртеп жіберген… Мұндай
жағдайлар көп болатын. Тоқсаныншы жылдардың
иірімінде көптеген жақсы, дарынды жігіттер келмеске
кетті.
|