Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Жасалған дүниені бұзбау керек!



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Жасалған дүниені бұзбау керек!
Кəсіпкерлер үшін қандай білім
маңызды?
«Даму» қорының тəуелсіз директоры ретінде мен
Қазақстан халқының 50 пайызы тұратын өңірлерді, аудан
орталықтарын, елді мекендерді аралаймын жəне өңірлік
бизнестің нарық қажеттіліктеріне бағытталмағанын
көремін. Кəсіпкерлер жиі бір істі бастайды да, уақыт өте
келе өнімдерінің тұтынушыға керек емес екенін түсінеді.
Ал бизнес табысты болуы үшін тың істі, стратегияны,
бизнес-жоспарды, бəсекелік артықшылықтарды, өтелімді,
ілгерілеу мен персоналды оқытудан бастау керек. Біз
өзіміз белгілі бір жаңа бағытты ашқанда, істі осылай
бастаймыз.
Меніңше 
кəсіпкерге 
міндетті 
түрде 
MBA
бағдарламасының базалық білімдерін меңгеру керек.
Стратегия, маркетинг, персоналды басқару, қаржы,
ақпараттық технологиялар, корпоративтік басқару – бұл
кəсіптің негізі. Əрі қарай əркім қоржынын дəл өзінің
бизнесіне қажетті білімдермен толықтырады. Бұл ретте
əлемнің қазiр IT-бағытқа қарай ойысып бара жатқанын
айтып өткім келеді, болашақта IT-салада аз салыммен көп
табыс табуға болады.
Кəсіпкерлер үшін гуманитарлықтан гөрі, инженерлік
білім көбірек керек деп ойлаймын. Себебі осындай
адамдардың 
арқасында 
логика 
құрып, 
барлығын
құрылымдап, белгілі бір заттарды есептеуге болады.
Менің байқауымша, табысты кəсіпкерлер көбінесе
инженерлердің ішінен шығады. Сондықтан ата-аналарға
балаларын алдымен техникалық, инженерлік білім алуға
бағыттауға кеңес беремін, ал гуманитарлық білімді кейін
де ала жатуға болады (бала дарынды гуманитарий болған
жағдайды қоспағанда).


Кəсіпкер – басқа адамдарды ізінен ерте алатын адам,
идеялар 
иесі 
жəне 
компаниядағы 
коммуникатор.
Көшбасшылық қасиет, өз əрекеттерің үшін жауапкершілік
алу сияқты қандай да бір машықтарды дамытуға болады.
Алайда нарықты сезіну, нұсқаларды ойластыру, тəуекелге
бел бууға қорықпау, күйреуге дайын болу сияқты
қасиеттер туа бітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет