біледі. Бұл – қызметкерлерді ынталандыратын мықты
құрал. Оны міндетті түрде қолдануға кеңес беремін.
Егер қызметкерлер дамыса, қызықты тапсырмаларды
орындаса, адамдар мен қоғамға қызмет ететіндерін түсінсе
– олар ісіне адал болып, ортақ іс үшін бар күш-жігерлерін
салады. Ал жұмысқа тек жалақы үшін келетіндер басқа
ұсыныс алса, сізден бір сəтте кетіп қалады.
Мен сізге компанияңыздың миссиясын дəл қазір
анықтап алуға кеңес беремін. Тіпті, серіктестеріңіз екеу
немесе үшеу болса да. Сіз көшбасшы ретінде миссияны
өзіңіз жаза аласыз немесе бүкіл команда болып,
ойларыңызды
ортаға
сала
аласыздар.
Мақсат
анықталғанда оның қызметкерлер пікірімен сəйкес
келетінін тексеру маңызды. Егер миссия оларды
қанаттандырса – тамаша, егер адамдарыңыз оны
қабылдамаса, олардың жұмысқа келгендегі мақсатына
сəйкес келмесе, оны жетілдіре түсу керек.
Достарыңызбен бөлісу: