тартсақ, экологиямыз жақсарады. Бастысы тұтынушылар
артық төлемдерден құтылар еді. Адамдар коммуналдық
қызметтер үшін қыруар қаржы төлемей, керісінше əрбір
адам қандай технологияны пайдаланатынын өз бетімен
шешер еді.
Менің бұл тақырыпқа қызығушылығым төрт жыл
бұрын ауды. Сол кезде ЕХРО-2017 көрмесін өткізу
байқауына өтінім дайындау үшін Қазақстан бірнеше жыл
бұрын Қытайға осы ауқымды көрмені ұйымдастыру
құқығын жеңуге көмектескен адамды шақырыпты дегенді
естідім. Шанхайды – конкурсқа қатыстыруға құжат
дайындаған
біліктілігі
жоғары
маман
дұрыс
позициялаудың арқасында Қытай қаласына жеңіс алып
берді. Сол кезде əлгі маманды шақыру арқылы
Қазақстанның ЕХРО-да жеңіске жетуге бет алғанын
түсіндім. Осы мақсатта Қазақстан дүниежүзі бойынша
жел,
күн
электр
стансаларын
салған
шетелдік
əріптестердің командасын алдын ала жинай бастады.
Қазақстан жеңімпаз ретінде жарияланған кезде мен
сақадай сай отырдым. Команда жұмыс істеп жатты, жер
мəселесі, электр желілеріне қосылу, техникалық-
экономикалық негіздеме дайындау бойынша келіссөздер
жүргізіле бастады. Жаңартылатын қуат көздерінің
болашағы үлкен екенін түсінген біз бір қадам алға жүрдік.
Достарыңызбен бөлісу: