Мақсаты: Жеке графикалық интерфейс элементтерін құру үшін қажет жұмыс нәтижелілігін, дағдылар мен білімдерді үшін қажетті білімді алу.
Пәнді оқу нәтижесінде студент: білуі керек: Білім алушылар модульді зерделеу кезінде: ақпараттық жүйелерді құрастыру кезінде бағдарламалау және объектілі-бағытталған бағдарламалау әдістерін қолдануды; тапсырмаларды шешу барысындағы алгоритмдерді жобалауда деректердің құрылымын анықтауды; күрделі тапсырманы шешуде айтарлықтай қарапайым тапсырмалардың тізбегіне бөлуді үйренеді; мыналарды меңгереді: бағдарламалық қамтамасыз етудің инженерлік жобалауы, бағдарламалық инженерия облысындағы кездесетін негізгі бағыттардың жүйелік позициялары туралы; бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырудың құралдары және өнеркәсіптік технологияларының дамуының қазіргі заманғы жай-күйі туралы; құрастырылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің түзулігін бақылау үшін автоматтық және қолдан жасалатын тесттерді тұрғызуды орындауды меңгереді.
Постреквизитер: КМ3. Жеке графикалық интерфейс элементтерін құру , кәсіптік білім туралы дәрістер курстарын тыңдау, қарым-қатынастың кәсіби және іскерлік саласында Бағдарламалық қамтамасыздандырудың мен жүйелік қамтамасыздандырудың қажеттіліктерін тиімді жүзеге асыру.
Пререквизиттер:Пәнді игеру үшін ақпараттық технологиялар, жоғары математика туралы білімдер қажет, математика (бөлімдер: дифференциалды және интегралды есептеу, күрделі айнымалылардың функциялары, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістері, интегралды әдіспен есептер шығару), электр тізбектерінің теориясы, Жұмыс бағдарламасы білім алушылардың пәндерден алған білімдеріне, біліктіліктеріне және дағдыларына негізделеді: Web-бағдарламалау; Графикалық интерфейсінің визуалды дизайны, Шолу коммуникациясының және қолданбалы дизайнның аспапты құралдары.
Қажетті оқу құралдары, жабдықтар:
Тақта, интерактивті тақта, карточкалар, кестелер, үлестірмелі материалдар