Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші арасындағы байланысты анықтау
Құрал - жабдықтар: қысқышы, сақинасы және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив. Ұзындықтары 15-20 см болатын бірдей екі резеңке жіп, ұзы ндықтары 35-40 см болатын бір жолақ ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы, сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.
Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қатырма қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштарына бір деңгейде тұруына көңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар;
Ілгектің көмегімен массалары m1=m2, m1=2m2, m1=3m2 жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер;
Резеңкенің созыгған кездегі орнын белгілеңдер;
Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар;
Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.