271
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жиырма-отыз жылдан беріде Қазақстанда химия өндірісі болмайды. Демек,
игермек мамандығыңнан туған жұр тыңа пайда жоқ...» деп, өзімше малданып
жүрген оқуымды тәрк етсін...
Қанекеңнің бізден артық шылығы, Медеу шырақ, өмір тынысын қате-
сіз аңдап, алдағы тіршілік күйтін нақ ты болжай білетіндігінде, – деп сыр
шерт кен-ді Жармақ ағай маған 1971 жы лы Қарағанды қала сындағы соңғы
тұрағында кездескен көктемде. – Қанекеңнің намысыма тиген мән ді сөзі
ойымнан шықпай қойды, арызданып жүріп, Мәскеудің Тау-кен академиясы-
ның түсті металдар факультетінің екінші кур сы на ауысып, оны кен байыту
мамандығы бо й ын ша 1932 жылы тәмамдап, Жезқазғанға келдім...
Ғылыми сессияға кен байыту тәжірибесін қорытындылап әрі
соны үлкен көлемде зорайту мүмкіндіктері туралы ұсыныс һәм
ойларымен келген байытушы инженер Ж. Төленов те сүрінген
жоқ. Рухани басшысы Қа ныш Иман тайұлы күткен дең гейден
көрінді.
Сонымен, алғашқы кезекте тыңдалған негізгі баяндама-
лар ғылыми қауымды Жезқазған ке
ні
нің жай-жапсары жа-
йында бір талай мағлұматты мәлім етті. Ал, инженер-петрограф
Т.А. Кошкинаның «Жезқазған мыс кенін ми нералогиялық зерт-
теу», Қарсақбай мыс зауытының бас инженері И.А. Стри гиннің
осы кенді пеште қорыту тәжірибесі туралы, профессорлар
В.А. Ванюков, А.А. Гапеев, И.К. Либина әзірлеген қосымша
баянда ма лар секциялық мәжі лістерге ауысқан (Солардың бәрі
де келесі жылы КСРО ҒА-ның баспасынан жарық көрген «Үлкен
Жезқазған» атты қомақты жинақта жария
лан
ған, секция-
лық талқылаудың мәжіліс хаттамалары да сол кітапта толық
берілген).
Сессияның соңғы күні қабылдаған тұжырымды қаулысы
көпшілік пікірінің бір жерге тоғысқан жиынтық ойы деуге сый-
ғандай. Міне, соның кейбір тармақтары:
Достарыңызбен бөлісу: