609
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жылмай басқарып келе жатқан, жасы сарыкідір тартқан кек-
се геолог В.И. Штифановқа бірауыз ескерту жасаған:
– Вася, тым жақсы тұрмысқа үйреніп қалған сияқтысың, –
деген-ді. – Жұмысқа бүйтіп тоқмейілсіп қарауға болмайды!..
Ұстазынан мұндай сөз естіп көрмеген Шти фанов шоқ басқан-
дай безектеп қалады.
– Сен, немене, Жезқазғанның мысы мың жыл қазса да таусыл-
майды деп жүрсің бе? Аузыңды аңқайтып қойып, кеншілер ойы-
на келгенін істейтін болыпты, мысы құнарлы қабаттарды ғана
қазуға дәндеп алған. Кедей кенге менсініп қарамайды дейді. Бұл
не сұмдық? Қыс қасы, сол кесепатты білмегенсіп отырғаның маған
ұнамайды, табиғат қазынасына аялап қарау керек! Құнары тө мен
кендерді қазатын етіп заңдастырып бермесең – Жезқазғанның
жағдайы күндердің күнінде мүш кілге айна лады, ойлан, тегінде.
Таусылмайтын кен жер жүзінде жоқ!
Содан бір жыл бұрын, академияның көш пелі ғылыми сессия-
сын өткізе келгенде де ғалым осы жайында тебірене сөз еткен-ді:
Достарыңызбен бөлісу: