87
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Баянаула атырабына келген өзгерістің бүге-шігесін Семей гу-
берниялық төңкеріс комитетіне Баянауыл станицасынан 1920
жылдың 18 наурызы күні жолданған телеграф ақ парынан біле-
міз:
«Уездік ревкомның жүк
теуі бойынша, губревкомның осы
жайындағы жеделхаты негізінде мен Баянауылдың аудандық рев-
комын ұйымдастырдым. Ревкомның төрағасы болып Богаченко,
мү
ше
леріне Қаныш Сәтбаев, Зарембо,
Калачин, Айтбакин
жолдастар кірді. Осы құрамды тезірек бекітуіңізді сұраймын.
Керейбаев».
Баянауыл ревкомы алғашқы мәжілісінде еңбекшілер ара-
сында мәдени және ағарту жұмыстарын жүргізуге екі бөлім
ұйымдастырады. Қаныш соның қазақ бөліміне меңгеруші, ал
екіншісіне басқарма мүшесі болып тағайындалады.
Станица жаңа тірлікке бет бұрған. Сол күнде ол әлденеше
болыстың басын қосқан ірі аймақтың орталығы. Ревкомның
міндеті де соған орай сан алуан: «Әр болыста мектептер ірге
көтеріп, әр ауылда сауаттандыру оқулары ашылады, әйелдерге
бостандық беріледі, ұрлық пен барымтаға тыйым салынып,
жалшы-кедейлердің құқығы мал-мү лік иесімен теңеседі. Жаңа
өкіметтің жарлықтарын бұқара халыққа жеткізетін, әрі соны
бұлжытпай орындатуға үгітшілер керек. Олар білімді, көзі ашық,
көкірегі ояу азаматтар болуға тиіс...»
Қаныш та сол дүрмекке елігіп, жан күйт теп бос жатуды біл-
мейтін, аттан түспейтін беймаза қызметкерге айналған. Ол енді
жаңа өкіметтің жалынды үгітшісі.
Достарыңызбен бөлісу: