Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет81/245
Дата05.12.2022
өлшемі3,61 Mb.
#161315
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   245
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Что касается вопроса о возможных за-
пасах Джезказгана, то они, по-видимому, в лучшем случае, могут 
превысить вдвое известные сейчас... запасы металла...» *
Жезқазған мыс кенінің дүние жүзіне мә 
лім бертінгі атақ-
дақпыртын білетін бүгін гі оқырман біз асқан білгір деп отырған, 
шынында да аса ірі мамандардың білім-танымына шүбә келтіріп, 
бәлкім миығынан күле қарап, бас шайқауы ғажап емес. Шын-ау,
не себепті олар қателесті? Әрі кісі күлерлік теріс-қағыс болжам 
айтуының сыры неде?
Сөйтсек, бар гәп өзара бәсеке геологиялық екі мектептің бір-
бірінің табысына қызғанышпен қарап, ашқан жаңалықтарын 
елемей, тіпті жоққа шығаруға тырысқан күйкі де ұсақ пиғыл-
дарында екен... Біз сөз етіп отырған ғалым-геологтардың екеуі 
де (И.С. Яговкин 40-жылдарда Свердлов (қазірде Екатеринбург) 
қаласында өз мектебін түзеген ғұлама) – Санкт-Петербург гео-
логия мектебінің түлектері. Көптеген білгір ғалымдар шыққан 
ұлағатты бұл ұя сол қарсаңда Ресей мен Еуропа көлеміндегі 
ең озық ғылыми мектеп саналған. Осы жайт, сірә, мектеп тү-
лектерінің кейбірінің көкейінде, сенесіз бе, «Менің айтқаным – 
басқалар үшін бұл жымас заң!» деген жалған мадақ туғызған... 
Қазақ қауымына да есімі мәлім орыс жазушысы А. Бек 1934 
жы лы жария еткен «Курако» атты деректі хикаятында профес-
сор Котульскийдің байырғы әріп тесі, академик М.А. Усов тура-
лы: 
«Мальчишка из бакалейной лавки, а не профессор геологии»
деп әжуа айтқанын қынжыла қайталап, өз ойын былайша түйеді: 
«Когда образовался Сибгеолком, петербургские геологи боролись 
про тив этого. Котульский пришел в ярость. Он отказался подчи-
няться «соплякам» и не подавал руки....»
Сондықтан да Сібір геологтары мектебінің түлегі, профес-
сор Усовтың сүйікті шәкірті һәм кешегі көшпелі де қараңғы 
халықтың ортасынан шыққан, Владимир Клементьевичтің 
ойынша, «Қарапайым инженер, дилетант, соған қарамастан ерек-
ше өркөкірек» қазақтың Геолкомның айтулы мамандарының 
Жезқазған жөніндегі бұрыннан қалыптасқан тұжырымына қар-
сы шығып, кен орнын түбегейлі түрде әрі тереңге барламақ жоба-
сына немқұрайды қарағаны түсінікті...
* Қ.И. Сәтбаев. Таңдамалы еңбектері. 1-том, А., «Ғылым» 1967. 142 б.


198
Медеу СӘРСЕКЕ
Нәтижесінде Қ.И. Сәтбаевтың жобасы техникалық кеңесте 
мақұлданбай, Яговкиннің ұсынысымен екі станокпен шолғын 
барлау жасауға рұқсат етіл 
ді... 
«Ленинградтан 16 қаңтарда 
қайттым, мәселенің жай-жапсарын кездескенде айтармын, 
қазір соны тәптіштеп жазуға құл қым жоқ, тым ұзақ та күйкі 
әңгіме...
– депті Қаныш Имантайұлы Таисияға жұлдыздың 17 жа-
ңасында жолдаған қысқа хатында. 
– Сірә, 22-сі күні, яки алдағы 
жексенбіде елге қарай жолға шығамын...»
Жаңа астанада бірақ өзі жобалағандай, екі-үш апта емес, ай 
жарымдай уақыт болды: уәде еткен таныстары ағасының ісіне 
араласуды сөзбұйдаға салып, Әбі кей Зейінұлының Қазақ АКСР 
Орталық Атқару комитетіне түрмеден жолдаған арызын қарауды 
қасақана кешеуілдеткен; ақыры сол іс оңға басты. Біржола 
ағармаса да, сот кескен үш жылға кешірім жасалды. Оның жөн-
жосығын Қаныш Имантайұлының 18-наурызда Таисия Алек-
сеевнаға Мәскеуден жазған ұзақ хатынан білеміз:
«16-сы күні түнде Мәскеуге келдім... Ға лым тай мені аса жоқ-
тамаған сияқты, хал-күйі жақсы. Хатың мен сыйлық тақияңды 
бердім. Қатты қуанды. Бірнеше мәрте киіп, айнаға қарап, біраз 
қоқиланып жүрді де: «кірлетпей тығып қояйын, өзі келгенде 
ғана киемін» деп сандыққа салып қойды. Кеш ке таман Досов, 
Файзолла мен Әзім бай келіп, түннің бір уағына дейін отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет