234
Медеу СӘРСЕКЕ
төленеді және оның көлемі үйреткен кісінің саны мен мерзіміне
орай өсіп отырады...
Аяздың зәрі сынып, «түске дейін – мүйіз, түстен кейін – киіз»
болған наурыздың орта шенінде Жезқазған төбелерінде жеті ста-
нок күні-түні тарсылдай бастады. Көктем шыға Украина мен
Мәскеу іргесінен жалдаған бұрғылаушылар да келіп қалды. Жер
тескен станоктың саны онға жетті.
Сонымен-ақ бұл өңір бұрын-соңды көрмеген, естімеген кең
көлемді барлау басталды: қайда қарасаң да көрерің – тұрбасы
шошайған бұрғылау мосылары; солардың арасында ертелі-кеш
шұбырған аттылы-жаяу; түйелерін боздатып су мен лай, май
тасыған арбалар легін аңғарасың; кей мезгіл бурабайды жағалай
аралап, бірінде көбірек, қайсыбірінде азырақ аялдап, соңынан
будақ-будақ шаң ерткен геологтардың «Фордик» автомобилі келе
жатады; оның жиірек тоқтайтын жері – 1-шахты жанындағы
барлаушылардың жаңа қонысы. Онда жаз шыға сол маңайда
зор қарбалас басталған: керн сақтайтын қойма, шеберхана, гео-
логтар үйі, зертхана мекені, тұрғын барактар мен меншік үйлер
құрылысы үрдіс жүріп жатыр.
Ахмедия ТӨЛЕКБАЕВ, бұрғылаушы:
Достарыңызбен бөлісу: