576
Медеу СӘРСЕКЕ
та жүрген негіздерден бас тартуға тиіс еді. Алайда олай болмады.
1960 жылдардың бас шенінде Ленинград ғалымдары мен оларды
қостаушы бір топ Мәскеу металлогенисі академик Сәтбаевтың
бұл саладағы көшбасшылық рөліне төз гісі келмей, ұйымдасқан
түрде шабуыл бастаған. Сол күресте олар қазақ ғалымы ғылыми
айналымға енгізген металлогениялық ұстанымға ашық тиіспей,
жөткірліктің ежелгі әді сін қолданып, Сәтбаев ұсынған идеяның
аспаннан түспей, шетелдіктер баяғыда ойлап тапқан жаңалық
екенін мәлімдеген. Сол жолда бетке ұстаған басты «көсемі» – «еу-
ропа металлогенистерінің атасы» атанған әйгілі неміс ғалымы
Г. Шней дерхен.
Қысқасы, бұл дау әр түрлі деңгейде өрбіп, ақыры «Кеңестік
геология» журналының бетінде бірнеше жылға созылған ғылыми
ай тыс қа ұласады. Талай білімпаздар бұл жайында өз топшылаула-
рын жария етті. Жұрт күткендей, негізгі тәжіке тағы да ВСЕГЕИ
мен ҚазГҒИ металлогенистері арасында жүреді.
Қ.СӘТБАЕВ, И.Бок, Г.Б. Жилинский («Кеңестік геология»
журналы, 1960 жыл, № 9):
Достарыңызбен бөлісу: