615
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алғаш жығылғанда-ақ елден бірнеше адам ұшып келген-ді.
Солардың алдыңғы легінде немере қарындасы Райхан Әбікей-
қызы Сәт
баева мен тұңғышы Ханиса – екеуі де медицина
ғылымдарының докторлары. Одан соң қыздары – Шәмшиябану,
Мейіз, Мә риям, інілері мен күйеу балалары, жекжат-туыстары.
Сыр қаты жайынан хабарланған соң-ақ ежелгі дос тары да топта-
на келіп жатыр. Көпшілігі «жұмыспен жүрміз» деп сылтаура-
тып келеді де, қасында бірер күн отырып, қинала қоштасып елге
қайтады. Мәскеу ғалымдары, әсіресе геолог әріптестері де күн
құрғатпай жиі келген...
Бәрі де сырқат қозғалысын шектеп, аурухана төсегіне «бай-
лап» қойған кіріптар халін жеңілдетіп, кірбең тартқан көңілін ау-
лау септігін тигізген. Әйтсе де... Өз күйтін ойлап өмір сүрмеген,
ес білгелі күллі ғұмырын «Ең бек, тек қана игі еңбек!» деумен
өткізген, адуын заманы да сөйтуге мәжбүрлеген бейнетқор
тұлға сол күндерде де бой дертін күйттеп тыныш жата алмады.
Көңілі хош көрген, араласуы қажет-ау деп білген үлкенді-кішілі
жұмыстардың бәрімен де аста-төк шұғылданады.
Достарыңызбен бөлісу: