198
Медеу СӘРСЕКЕ
Нәтижесінде Қ.И. Сәтбаевтың жобасы техникалық кеңесте
мақұлданбай, Яговкиннің ұсынысымен екі станокпен шолғын
барлау жасауға рұқсат етіл
ді...
«Ленинградтан 16 қаңтарда
қайттым, мәселенің жай-жапсарын кездескенде айтармын,
қазір соны тәптіштеп жазуға құл қым жоқ, тым ұзақ та күйкі
әңгіме...
– депті Қаныш Имантайұлы Таисияға жұлдыздың 17 жа-
ңасында жолдаған қысқа хатында.
– Сірә, 22-сі күні, яки алдағы
жексенбіде елге қарай жолға шығамын...»
Жаңа астанада бірақ өзі жобалағандай, екі-үш апта емес, ай
жарымдай уақыт болды: уәде еткен таныстары ағасының ісіне
араласуды сөзбұйдаға салып, Әбі кей Зейінұлының Қазақ АКСР
Орталық Атқару комитетіне түрмеден жолдаған арызын қарауды
қасақана кешеуілдеткен; ақыры сол іс оңға басты. Біржола
ағармаса да, сот кескен үш жылға кешірім жасалды. Оның жөн-
жосығын Қаныш Имантайұлының 18-наурызда Таисия Алек-
сеевнаға Мәскеуден жазған ұзақ хатынан білеміз:
«16-сы күні түнде Мәскеуге келдім... Ға лым тай мені аса жоқ-
тамаған сияқты, хал-күйі жақсы. Хатың мен сыйлық тақияңды
бердім. Қатты қуанды. Бірнеше мәрте киіп, айнаға қарап, біраз
қоқиланып жүрді де: «кірлетпей тығып қояйын, өзі келгенде
ғана киемін» деп сандыққа салып қойды. Кеш ке таман Досов,
Файзолла мен Әзім бай келіп, түннің бір уағына дейін отырып,
Достарыңызбен бөлісу: