Сәрсен аманжолов атындағы шығЫС


Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі



бет2/8
Дата08.11.2023
өлшемі4,81 Mb.
#190430
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
отчета аида 2

Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі





3 Күнделік-есеп





Күні, айы

Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

Жетекшінің белгісі

29.05.23

Бүгінгі күні сағат 16:15 Сібе көлінің базасының Қоржынкөл далалық оқу - іс тәжірибесінің зонасына келдік. Келе сала жетекші кураторымыз Карменова Бағдат Қазретовна бізді қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Содан кейін әрбіріміз ағай үйлерге орналастық. Кейін, далалық оқу іс-тәжірибенің мақсатымен, міндеттерімен таныстық. Оқу іс-тәжірибеге қажетті құрал жабдықтармен таныстық. Сүзгі (сачок), тұншықтырғыш (морилка), энтомологиялық ине, хлороформ, жәндіктер түзеткіші, банка, анықтағыш құралдар, фотоаппарат, бинокль. Жетекшіміз құрлық омыртқасыздарын жинау әдістерімен таныстырды. Бес Сібе көлінің біз 4- ші Сібе көлі Қоржынкөлге тоқтадық. Қоржынкөл немесе Алакөл деп аталу себебі, көл көрінісі қоржын, алқаға ұқсас болып келеді. Ертістің сол жақ жағалауынан алыс емес қашықтықта орналасқан. Қоршап тұрған тау жоталары құйма тастардан қаланған(тұрады).




30.05.23

Бұл күні ау райы құбылмалы болды, жаңбыр, ірі бұршақтар жауды және қалың тұман болды. Бағдат Қазретовна жергілікті флора фаунасын таныстыра отырып гербарий жасау ережелерін талдадық. Және, далалық оқу іс-тәжірибе кезінде өзіндік жұмыс тақырыбын таңдадық. Түрлі омыртқасыз жануарлар мен өсімдіктермен таныстық. Биоморфологиялық сипаттама жасау үшін өсімдіктер мен жануарлардың коллекциясы, гербарий жасау ережелерін талдадық.Жаңбыр басылғаннан кейін балалармен жақын аймақты аралай отыра біз ұлуларды тауып, түрін анықтап, зерттедік.




31.05.23

Экологиялық топтар мен өсімдіктердің тіршілік формаларымен таныстық. Өсімдіктердің мерзімдік өзгерістері және маусымдық құбылыстары туралы ақпарат алдық. Ауа райы жылыған соң біз танымжорыққа шықтық. Біздің далалық практикаға шыққан бірінші күніміз. Бірінші кезекте Қалба тауларына жол тарттық Таулардан шегірткенің көп тараған түрі италиандық шекіркені ұстап алдық, оны тұншықтырғыш банкаға салдық. Жетекшіміз Бағдат Қазретовна шегіртке туралы ақпараттар берді. Далада өзіндік жұмыспен айналыстық. Кейін тоғай арасынан құмырсқа илеуін тауып алдық және олардың іс-әрекетін бақылап, суретке түсірдік. Кейін, Қызыл кітапқа енген Подолярий көбелегін сүзгімена аулап, суретке түсіріп алдық. Тағыда аулаған көбелек түрі Апаллон. Біз жолда көптеген көбелек түрлерін кездестірдік , мысалға түнгі көбелектер және ақ көбелектер тұқымдасына жататындарды. Көпжылдық өсімдік түрі сарғалдақты тау етегінен байқадық, суретке түстік. Сарғалдақтар тұқымдасына жататын, Алтай күнгелді өсімдігін таптық, Қызыл кітапқа енгендіктен біз оны жай ғана суретке түсірдік. Тікқанаттылар, жартылай қаттықанаттылар отрядының өкілдерін ұстадық. Қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жәндіктерді зерттедік, бақылау жасадық. Сарғалдақтар тұқымдасы өкілдері: Алтай күнгелдісі (Trollius altaіcus), жібілген (Clematіs) Өсімдіктердің морфологиялық өзгерістері мен өсімдіктердің тіршілік формаларын анықтау үшін біз өсімдіктерді жинадық.




01.06.23

Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету ортасы су қоймасына экскурсия жасадық. Су өсімдіктері мен жануарларының негізгі топтарымен танысып, бақылау және жинау әдістерімен таныстық. Су өсімдіктері мен жануарларын, балықтар, қосмекенділерді зерттеедік. Амфибияларды суда қалай ұстауды үйрендік (тритондар, бақалар, құрбақалар т.б.). Түрлерді анықтау, сандық құрамын анықтау дағдыларын игеріп, биотоптық сипаттама жасауды үйрендік. Инеліктер отрядының өкілдерін жинап және бақыладық. Биоморфологиялық сипаттамаларды дайындадық. Су өсімдіктерімен, жануарларымен таныстып болған соң ауланған балықтың ішек құрлысын көру үшін оларды сойдық. Бірінші болып, Қара балықтың аналь тесігінен бастап желбезегіне дейін тіліп ішін аштық , ішінен дамып келе жатқан уылдырықты көрдік, ұқыптап торсылдағын жарып алмай алып шықтық . Екінші зеркальный Карп дәл солай сойдық және оның бір ерекшелігі желбезегінде тістері орналасқан. Және де инеліктерді ұстадық. Оларды түзеткіш құралдарына салып , уақыт өткеннен кейін энтомологиялық инемен матрастарға орналастырдық.




02.06.23

Оқу далалық іс-тәжірибе ауданының қабыршаққанаттылардың түрлік құрамын анықтадық. Ашық биотопта кездесетін бауырымен жорғалаушыларды бақылап және ұстап алдық. Оларды сою техникасымен таныстық. Танымжорық кезінде біз шапшаң кесіртке (Lacerta agilis) ұстадық. Оны денесін клоакасынна өңеш тұсына дейін кесіп ішін аштық. Кейін қарнын бөлек алып шығып микроскоппен көрдік және кішкентай жәндіктерді байқадық. Сосын ішегін, жүрегін, бауырын, бүйрегін, өкпесін көрдік.Біз көрген кесіртке жыныстық жағынан толығымен дамып жетілген ,аналық кесіртке болды. Астралар тұқымдасының өкілдері: кәдімгі мыңжапырақ (Achillеa millefolium), кәдімгі тікенқурай (Cirsium vulgare), қашқаргүл (Aster alpinus)




03.06.23

Ашық биопотта кездесетін қаттықанаттылар отрядының өкілдерін сипаттап анықтадық. Солардың ішінде Алтынтүсті қолақоңыз (Cetonia aurata), саңырау құйрық, мамыр қоңыз, бұғы қоңыз, жапырақ жегіш тәрізді жәндіктерді кездестірдік. Құстар класының өкілдерін бақылап, ұяларын, балапандарын зерттедік. Құстардың ұялары ағаш бұталарында немесе бұталардың оралған жерлерінде орналасады. Олар ұяны өсімдіктерден немесе шөптерді төсімен мыжғылау арқылы балшықпен араластырып тостағанша тәрізді қылып жасайды. Раушангүлділер (Rosaceae) тұқымдасына жататын түрлер: Жабай итмұрын (Rоsa canína)




04.06.23

Тәжірибе аймағынан арамшөптер мен зиянды жәндіктерді жинадық . Оларды зерттеп, түрлерін анықтап, камеральді өңдедік. Арамшөптердің морфологиялық ерекшеліктерін зерттедік. Мысалы,Арамшептердін көбі- гүлді, жабықтұқымды өсімдіктерге жатады. Гүлді, жабықтұымды өсімдіктер- даражарнақтылар жене қосжарнақтылар деп 2-ге бөлінеді.Даражарнакты арамшептердің көбі- дәнді дақылдар.Топырақтын үстінде алғашкы өркен шығып, мөлдір қынапты жапырақпен, яғни,колеоптильмен оралып тұрады. Дәнді өсімдіктерде жапырақтар салалы болады. Тегіс жапырақ пластинкалардан жене сабақты орап тұратын қынаптан турады. Гүлдердің биоморфологиялық сипаттамаларын, формулаларын және диаграммаларын құрастырдық. Өсімдіктер мен жәндіктерді анықтадық. Далалық танымжорық кезінде біз аталық , жасыл түсті( басқы жағы ашық жасыл , ал , құйрық жағы қоюырақ жасыл)басқалардан үлкенірек кесірткені кездестірдік, ол секіргіш кесіртке болды. Оны ұстап алған соң хлороформды банкыге салдық, алайда ол өз құйрығын тастап үлгерді. Көптеген кесірткелер осындай немесе қауіпті жағдайда құйрықтарын тастауға тырысады, себебі, оларла регенрация жақсы дамыған . Яғни, олардың құйрықтарынна дене өсіп шығады оған кем дегенде 2-3 апта кетеді. Кейін, жеке тапсырмаларымызды тіркедік. Жеке тақырып бойынша жұмы сжасадық.




05.06.23

Оқу далалық іс-тәжірибе ауданының қосқанаттылар отрядының түрлік құрамын анықтадық. Және біздің қоныстанған жерімізде қосқанаттылар көптеп кездесті . Мысалы, маса, бөгелек, шіркейлер, үй шыбыны, соқыр шыбынның аналығын кездестірдік. Оқу (далалық) іс-тәжірибе ауданының өсімдіктерінің вегетативті мүшелерінің метаморфозын зерттедік. Және құстар класының өкілдерін бақыладық. Құстарды дауыстары бойынша анықтадық. Чечевица  (Carpodacus erythrinus) құсы «витю – видел, витю – видел» деген дауыс шығарып сайрағанына куә болдық. Үй торғайы (Passer dorusticus) және дала торғайын көптеп кездестірдік. Үй торғайы мен дала торғайының айырмашылығы бетіндегі қара дақтары болуына байланысты.






06.06.23

Жер бетінде көптеген тіршілік ететін насекомдар мен буынақтылар: көпаяқтылар, өрмекшітәрізділерді бақыладық. Тіршілік етуіне байланысты індерін қазады немесе басқа бастамаларды (қуыстарды, тастарды, өсімдік тамырларын, нәжіс үйінділерінен) қарастырдық. Нәтижесінде біз сұр жылан мен сарыбас жыланды кездестірдік. Оларды үлкен қыстырғышпен ұстап, хлороформды банкіге салдық, базамызға оралған соң ыдыстан шығарып арнайы союға арналған ыдысқа орналастырып энтомологиялық инелерді бас тұсынан және құйрық тұсынан қададық. Бірінші сарыбас жыланды тамақ тұсынан құйрығына дейін жұқартып кестік. Ең бірінші байқайтынымыз жыланның барлық мүшелерінің созылып орналасқан , және жыланның ішкі мүшелері ассиметриялы болады . Жыланның қабырғалары терісіне жабысып орналасқан , себебі, жылан қорегін жұтқан кезде терісі созылып, қабырғалары жылжып отырады. Одан кейін байқайтынымыз ұзын ішегі, өңеші, трахеясы және асқазаны, өкпесі, жүрегі, бүйрегін көре аламыз. Екінші сұр жыланмен іш құрылысы ұқсас болды. Екеуі де аналық және усыз болды.Борсық (Meles) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аңды бақыладық және олардың қазып кеткен орындарын көріп суретке түсіріп алдық.Қосаяқтар (Dipodidae) – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы дала тышқандарын, сарышұнақтардың індерін кездестірдік.




07.06.23

Топырақта тұрақты және уақытша мекендейтін жауынқұрттары, құрлық моллюскалары, көптеген насекомдардың: қоңыздардың, тікқанаттылардың және басқалардың дернәсілдерін жинап, анықтадық . Осы аймақта өсетін өсімдіктер құрамын анықтадық.




08.06.23

Гүлді өсімдіктер бар кез келген жерде тозаңдандырғыш насекомдар кездеседі: аралар және басқа жарғаққанаттылар; гүлдің шырынымен қоректенетін: қосқанаттылар, қаттықанаттылар, торқанаттылар, шашаққанаттылар, қабыршаққанаттыларды көріп, бақылап зерттедік. Біз зерттеген аймақта бал омарталары болды, біз оларды сырттай көріп, бақыладық. Және байқағанымыз аралар топтасып өмір сүреді және омарталары да бірге болады.




09.06.23

9 маусым біздің практикалық жұмысымыздың соңғы күні болғандықтан далалық оқу іс-тәжірибе туралы есеп бердік. Камеральды өңдеу жұмыстарын негізгі тұқымдастарынының белгілерінен сынақ тапсырдық. Зертханадағы жұмыс: флористикалық және фаунистік зерттеулердің қорытындыларын шығаруға арналған конференция дайындадық. Есептерді ресімдедік. Қорытынды конференция жасадық. Тәжірибені қорытындыладық.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет