102
тізбегін есептеу әдісінің артықшылығы құраушы буындардың өңдеу дәлдігін
жоғарылатпай, тұйықтаушы буынның дәлдігін жоғарылатуға болатыны. Әдісте
біріктіру түйінінің барлық тетіктері сортталғанда шақтамалары жоғары мәнді
құрастыру тетіктері бір топқа түседі, бұл топтағы тұйықтаушы өлшем ең кішісі
болады, сондықтан осы топқа төменгі шақтама мәні ең кіші болып келетін
тұйықтаушы тетіктер кіреді. Шақтамалары төменгі мәнді құрастырушы
тетіктер басқа топқа жиналады, бұл жерде тұйықтаушы тетіктердің
шақтамалары жоғарғы мәнде. Мұндай топтар екі немесе одан да көп бола
алады.
Бұл әдіс біріктіру сапасын түсірмей, тұйықтаушы буынның шақтамасын
кеңітуге мүмкіндік береді. Әдістің кемшілігі – тетіктерді алдын ала сорттау.
4.
Реттеу әдісі.
Реттеу әдісі деп өлшем тізбегінің тұйықтаушы буынының
талап етілген дәлдігіне, тізбекке теңгеруші К буын немесе реттеуші құрылғы
енгізіп, К өлшемін (материал қабатын алмай) немесе орналасуын өзгертумен
тағайындалған шекте болатын тұйықтаушы өлшемге қол жеткізу әдісін
айтамыз.
5.
Достарыңызбен бөлісу: