Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым
– Стандарттау
бойынша ұлттық ұйымдардың халықаралық ассоциациясы 1926 жылы
құрылған болатын, бірақ 1939 жылы соғыс басталғаннан кейін қайта тарап
кетті.
Қазіргі таңдағы
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ИСО (ISO)
1946 жылы 25 мемлекеттің қатысуымен құрылған.
ИСО қызметінің аумағы электроника мен электротехникадан басқа
стандарттаудың барлық салаларына қатысты. Бұл салаларда стандарттаумен
Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) айналысады. Кейбір
жұмыстар ИСО мен МЭК-тің бірге қатысуымен жүргізіледі.
ИСО-ның қызметі: әлемде халықаралық тауармен және қызметпен
алмасуды қамтамасыз ету мақсатымен қызмет түрлері мен стандарттаудың
дамуына үлес қосу, сонымен қатар ғылыми-техникалық, экономикалық,
интелектуалдық салаларда әріптестік қатынастарды дамыту. Қазіргі уақытта
ИСО-ның құрамында 160 ел бар, ол ұйымға Қазақстан Республикасы да кіреді.
Ұйым құрамында 200-ден аса комитет бар. Штаб – пәтері Женевада
(Швейцария) орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы Бас ассамблея
үш жылда бір рет өтеді. Тікелей басшылықты ИСО Кеңесі жүргізеді. Негізгі
координациялық жұмысты жеті: СТАКО
– стандарттаудың ғылыми
қағидаларын зерттеуші комитет, ПЛАКО