Сертификаттау


“Қазақстанның метрология институты” РМК



Pdf көрінісі
бет38/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

“Қазақстанның метрология институты” РМК

-  өлшем  бірыңғайлығын  қамтамасыз  ету  саласында  жүргізіліп  жатқан 
мемлекеттік  саясатты  есепке  ала  отырып,  Қазақстан  Республикасында  
метрологияны дамытуға бағытталған жұмыстарды; 
-  Қазақстан  Республикасында  өлшем  бірыңғайлығын  қамтамасыз  етудің 
мемлекеттік  жүйесінің  негіздерін  жетілдіру  мақсатымен  ғылыми-техникалық, 
тәжірибелік, әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарды; 
- Қазақстан Республикасында өлшем бірліктерінің техникалық базасын құру 
мен жетілдіруді; 
-  өлшем  бірыңғайлығын  қамтамасыз  етудің  мемлекеттік  жүйесінің 
заңнамалық  және  нормативті  негіздерін  құру  мен  жетілдіруді,  метрология 
бойынша нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіруді; 
-  метрология  саласындағы  жұмыс  жүргізуге  құқық  алу  үшін  заңды 
тұлғаларды аккредиттегенде өндірісті техникалық тексеруден өткізуді; 
-  Қазақстан  Республикасында    жасалынатын  және  импортталатын  өлшем 
құралдарының бекітілген талаптарға сәйкестігіне сынау жүргізуді; 
-  метрология  саласындағы  өндірістерді,  кәсіпорындарды,  аумақтарды, 
ұйымдарды  және  басқа  да  тұтынушыларды  нормативтік  және  ақпараттық 
қамтамасыздандыруды; 
-  метрология  саласындағы  кадрларды  дайындау  және  олардың  біліктілігін 
көтеруді жүзеге асырады. 


 
35 
Мемстандарт мүше болатын ұйымдар: 
-  Халықаралық  стандарттау  ұйымы  (ISO).  Бұл    ДСҰ-ға  кірудің  міндетті 
шарты  болып  табылатын  ұлттық  нормативті  құжаттарды  халықаралық 
талаптармен  үйлестіруге  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  отандық 
өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына әсерін тигізеді; 
-  Халықаралық  метрологиялық  заңнамалық  ұйым  (МОЗМ),  өлшем 
бірыңғайлығын  қамтамасыз  етудің  ұлттық  жүйесінің  ережелері  мен 
процедураларын  халықаралық  ұйымдардың  ұсыныстарымен  және  басқа  да 
мемлекеттердің  ұлттық  жүйелерімен  үйлестіруге  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ 
осы саладағы жұмыстарды өзара жүргізуге жағдай жасайды. 
Мемлекеттік  стандарттау  қоры  44  мыңға  жуық  нормативтік  құжаттардан 
тұрады,  оның  –  20  мыңы  мемлекетаралық,  7,5  мыңға  жуығы  ұлтаралық,  8 
мыңға  жуығы  шетелдердің  ұлттық  стандарттары,  1000-нан  астамы  Қазақстан 
Республикасының  өз  стандарттары.  Олардан  басқа  мемлекетаралық  және 
мемлекеттік  стандарттардың  кітапханалық  және  толықмәтіндік  мәлімет  қоры 
бар. 
Техникалық регламенттерді дайындаудың бекітілген Жоспарына сәйкес 105 
техникалық  регламентті  дайындау  және  қабылдау  қарастырылған.  Қазіргі 
кездің  өзінде  94  техникалық  регламент  қабылданған,  олардың  71-імен 
жұмыстар  жүргізілуде.  3578  отандық  өндірістер  халықаралық  стандарттарға 
сәйкес басқару жүйесін енгізді және сертификаттады. Мемлекеттік стандарттар 
деңгейінде 3468 бірлік қабылданды, олардың 356-сы халықаралық талаптармен 
үйлестірілген, бұл үйлестірудің 68 пайызын құрайды. 
Қазақстанның  индустриалдандыру  Картасына  сәйкес  халықаралық 
талаптармен  үйлестірілген  мемлекеттік  стандарттарды  дайындау  қажеттілігіне 
талдау  жүргізілді.  Талдау  отандық  өнімдердің  негізінен  талаптары  ескірген 
мемлекетаралық  стандарттардың  талаптарымен  сәйкес  дайындалатындығын 
есепке  ала  отырып  жүргізілді.  Талдау  қорытындысы  бойынша  150  бірлік 
көлемінде  өнімге,  сынау  әдістеріне,  жабдықтарға  арналған  стандарттардың 
дайындауға ұсынылатын тізімі дайындалды, 2014 жылға дейін 2464 стандартты 
дайындау жоспарлануда. 
Қазіргі  уақытта  республиканың  эталондық  қорында  47  мемлекеттік  эталон 
(масса,  ұзындық,  қысым,  кернеу,  ауыспалы  ток  бірлігі,  рН  бірлігі,  шекті 
электрлік  өткізгіштік,  температура,  уақыт  және  жиілік  бірлігі),  63  эталондық 
жабдықтар  бірлігі  және  13  мыңнан  астамы  үлгілік  жоғарғы  дәлдіктегі  өлшем 
құралдарының бірлігі бар. 
Өлшем  құралдарының  метрологиялық  және  техникалық  көрсеткіштерін 
сенімді  және  объективті  бағалау  үшін,  олардың  нормативтік  құжаттамаларға 
сәйкестігі  мен  оларды  эксплуатациялаудағы  қауіпсіздігін  есепке  ала  отырып, 
Мемстандартпен мемлекеттік сынаулар жүргізілген және Мемлекеттік реестрге 
800-ге  жуық  өлшеу  құралдарының  түрлері  енгізілген.  Республикада 
сертификаттау  мақсаты  үшін  181  сертификаттау  органы  541  сынау 
зертханалары,  1000-нан  аса  сарапшы-аудиторлар  аккредиттелді  (2010  жылдың 
ортасында алынған мәліметтер). 
Қазақстан  Республикасында  сарапшы-аудиторлар  реестрі  құрылған.  Бұл 


 
36 
реестр Қазақстан Республикасында  сертификаттау және аккредиттеу бойынша 
жұмыстарды жүргізуде заңды және жеке тұлғаларға қолдануға арналған. Реестр 
басылымы Қазақстан Республикасында  Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің 
негізгі  талаптарының  бірі  болып  табылады.  Реестр  қызметтің  төменде 
көрсетілген  бағыттары  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
сертификаттау 
жүйесінде 
тіркелген 
және 
аттестатталған 
сарапшы-
аудиторларды: 
- өнім түрлері бойынша сертификаттауды; 
- қызметтерді сертификаттауды; 
- сынау зертханалары мен сертификаттау органдарын аккредиттеуді; 
- сапа жүйесін сертификаттауды; 
- тауарлардың құрамын сараптауды қамтиды. 
Сарапшы-аудиторлардың реестрі: 
- сертификаттың тіркеу нөмірін; 
- аты-жөні мен тегін; 
- мекен-жайын, байланыс реквизиттерін; 
- жұмыс орнын, қызметін; 
- қызмет бағытын; 
- сертификаттың жарамдылық мерзімін қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет