Сертификаттау



Pdf көрінісі
бет65/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

Графикалық  материал. 
Графикалық  материалды  стандарт  мәтінінде 
(сұлба,  диаграмма,  суреттер,  т.б.)
 
оны  жақсы  түсіну  үшін  және  объект 
қасиеттерін
 
немесе  сипаттамаларын  белгілеу  мақсатымен  орналастырады. 
Графикалық материалға сілтеме стандарт мәтінінде берілуі тиіс. 
Кестелік  материал  мәтінде  бірінші  рет  ескерілген  соң,  тікелей  мәтіннен 
кейін  келесі  бетте,  ал  қажет  болса,  қосымшада  орналасуы  тиіс.  Мәтінде 
орналасқан 
суреттер, 
сұлбалар, 
диаграммалар, 
т.б. 
құрылымдық 
құжаттамалардың  бірыңғай  жүйесінің  мемлекеттік  стандарттары  талаптарына 
сәйкес болуы тиіс. 
Стандартта графикалық материалды толықтыратын кестелер болса, оларды 
графикалық  материалдан  кейін  орналастырған  жөн.  Графикалық  материалдың 
тақырыптық  атауы  болуы  мүмкін,  оларды  графикалық  материалдың  астына, 
келесі түрде орналастырады: 
Мысалы – 1-сурет – Аспап бөлшектері 
Қажет  болған  жағдайда,  графикалық  материалдың  астына  түсіндірме 
деректері  орналасады.  «Сурет»  сөзімен  атауын  түсіндірме  деректерден  кейін 
қояды.  Графикалық  материал,  қосымша  графикалық  материалын  қоспағанда, 
толассыз  араб  сандарымен  нөмірленеді.  Егер  сурет  біреу  болса,  онда  ол  «1-
сурет»  деп  белгіленеді.  Графикалық  материалды  бөлім  шегінде  нөмірлеуге 
рұқсат  етіледі.  Сурет  нөмірі  бұл  жағдайда  бөлім  нөмірі  мен  суреттің  реттік 
нөмірінен тұрады. 
Мысалы – 1.1- сурет, 1.2-сурет, т.б. 
 


 
58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет