260
бекітілген талапқа сәйкестігі туралы өндірушінің өтінім-декларациясы. 6-
сұлбаны өнімнің жарамдылық мерзімі сынақ жүргізуге қажет уақыттан аз
болған; өнімнің түрлері жылдам өзгеріп отыратын жағдайда қолданады. 6-
сұлбаны, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура
мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа
менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес)
импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.
5- және 6-сұлбаларды:
сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді
объективті бағалау үшін жеткіліксіз;
технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;
шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын
жоғары талаптар белгіленген;
өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу
үшін қажетті уақыттан кем;
өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;
өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнім-
дерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
6-сұлба түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекше-
ленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылады.
Қазіргі кезде 5- және 6-сұлбалар дамыған елдерде кеңінен таралған және
сериялық шығарылатын өнімді сертификаттауда қолданылады.
7- сұлба дайын өнім партиясынан таңдап алынған үлгіге, аккредителген
сынақ зертханасында сынақ жүргізу қарастырады. 7-сұлба: келісімшарт
бойынша көлемді партияны сертификаттау.
8-сұлба әрбір өндірілген өнімді аккредиттелген сынақ зертханасында
сынауды қарастырады. 7- және 8-сұлбаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір
жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану
ұсынылады.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі — өнімді сатып біткенше. Сертификат
ұстаушы мен өнім өндіруші бөлек тұлғалар. Көбіне, өтінім беруші – отандық,
ал өнім өндіруші – шетел кәсіпорны. Міндетті түрде сынақ хаттамасы негізінде
беріледі. Өнім графасында келісімшарт, инвойс нөмірі, партия көлемі немесе
келісімшартқа сипат тізім бекітілген.
9- және 10-сұлбаларды біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы
өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды
сертификаттаған кезде пайдалануға
Достарыңызбен бөлісу: