Сертификаттау


 Өлшеу құралдары мен аспаптары



Pdf көрінісі
бет130/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

4.2 Өлшеу құралдары мен аспаптары 
 
Астрономия,  теңізде  жүзу,  салмақ  өлшеу  және  жерге  орналастыру  –  міне, 
адам қызметінің осы салаларында бірінші рет дәлдігі жоғары өлшеу құралдары 
мен аспаптары пайда болды. 
 
 
4.1-сурет 
 
Қаржы  мен  сауда  үшін  салмақ  өлшеу  үрдісінің  мәні  өте  маңызды 
болғандықтан,  дәлдігі  жоғары  өлшеу  құралдары  мен  таразылар  қажет  еді. 
Таразылар – өте ертеден келе жатқан метрологиялық құралдар. Олар сауданың, 
өндірістің  және  ғылымның  дамуымен  пайда  болып,  жетіліп  отырды. 
Кеселермен  ілінген  тең  иықты  пішін  түріндегі  қарапайым  таразылар  (
4.1–
сурет
)  Египет  (б.  э.  д.  2  мыңжылдықта)  пен  Ежелгі  Вавилонда  (б.э.д.  2,5 
мыңжылдықта) саудада кеңінен қолданылды. Осы уақытта бірінші рет уақытты 
өлшеуге арналған аспаптар, яғни күнсағаттар пайда болды. 
Ең  бірінші  топографиялық  –  геодезиялық  құралдарға  өлшегіш  сызғыштар 
мен шынжырлар, ілгіштер мен деңгейлер жатады. Сол уақыт үшін армиллярлық 
аумақ,  кешірек  астролябия  визуалды  астрономиялық  бақылаулар  үшін  ең 


 
123 
бірінші  жоғарғы  дәлдіктегі  құралдар  болған.  Астролябия  және  биіктік 
өлшегіштер  құрылымы  жағынан  қарапайым  болды,  кейіннен  олардың  орнына 
сектант келді. 
7-ғасырда бірінші механикалық сағаттар пайда болды, бірақ Х. Гюйгенс тек 
1657  жылы  ғана  сағаттарда  механикалық  маятникті  қолданды,  кешірек  1675 
жылы  сағаттарда  маятник  ретінде  серіппені  қолдану  ұсынылды.  Сағаттардың 
осындай  құрылымы  қазіргі  кезде  де  бар.  1646  жылы  Б.  Паскаль  сұйықтық 
бағанының көмегімен қысым өлшеуге арналған алғашқы аспаптарды ұсынды. 
18-19-ғасырдағы  өндірістік  төңкеріс  дәлдіктің  жаңа  стандарттарының  және 
жаңа  заманға  лайық  біртұтас  аспаптар  қатарының  пайда  болуына  алып  келді. 
1638  жылы  жасалған  бірінші  винттік  микрометр  19-ғасырда  әлдеқайда 
жаңартылды. Өлшеудің дәл болуы машина бөлшектерін дайындаудың дәлдігін 
жоғарылатты  және  бұйымның  құндылығын  төмендетуге,  өндірістің  көлемін 
көбейтуге 
мүмкіндік 
берген 
машина 
бөлшектерінің 
өзара-
ауыстырымдылығының  деңгейін  жоғарылатты.  18-ғасырда  Г.Фаренгейт 
сынапты  термометрді  жаңартты  және  температураны  өлшеуде  өзінің  жеке 
шкаласын енгізді. Содан кейін Цельсий және Кельвин шкалалары пайда болды. 
1848  жылы  Э.Бурдон  манометрлерде  деформацияланатын  таяқшаларды 
қолдануды  ұсынды,  ол  аспаптардың  құрылымын  едәуір  жеңілдетті  және  осы 
аспаптардың дәлдігін жоғарылатты (
4.2–сурет
). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет